
«Қазіргі таңда мектеп психологының рөлі бұрынғыдан да артып отыр. Оқушылардың психикалық саулығы, олардың оқуға, өмірге деген ынтасы, сынып ішіндегі қарым-қатынас, ата-анамен байланыс – осының бәрінде сіздердің кәсіби қолдауларыңыз қажет. Облыстық психологиялық қолдау орталығы – балаларға арналған психологиялық қолдау шараларын тиімді жүзеге асырып, олардың әлеуметтік жағдайларымен жеке мәселелеріне қатысты кешенді жұмысты жүргізуде. Орталықтың ашылуы өңірдегі балалардың психо-эмоционалдық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде. Бүгінгі кездесуде тың ойлар мен тәжірибелермен бөлісіп, бір-бірлеріңізге демеу болып, жаңа серпінмен жұмыла жұмыс істейсіздер деген сенімдемін», деді Бейсенбай Дәулетұлы.