Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
02 февраля 2026
Жаңалық

2 ақпан – Ұлттық басылым күні!

02 февраля 2026
Жаңалық
СОЗАҚТА КІШІ ФУТБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «TORLAN CUP» ТУРНИРІ ӨТТІ
Созақ ауданының орталығындағы «Шолаққорған» спорттық-сауықтыру кешенінде кіші футболдан республикалық «Torlan Cup» турнирі өтті. Дәстүрлі додаға Созақ ауданынан құралған командалармен қатар еліміздің өзге өңірлерінен келген барлығы 12 команда қатысып, жүлделі орындар үшін бақ сынасты. Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Айта кету керек, «Torlan Cup» турнирі алғаш рет 2017 жылы «Торлан Строй» ЖШС-ң бастамасымен ауылдық деңгейде ұйымдастырылған. Бүгінде бұл жарыс республикалық мәртебеге ие болып, аудан орталығында бой көтерген жаңа спорттық-сауықтыру кешенінде тартысты түрде өтті. Жарыс нәтижесінде «Құмкент» командасы үздік үштікті қорытындылады. Ал, финалдық кездесуде Алматы қаласының командасы мен Созақ ауылының командасы чемпиондық кубокты сарапқа салды. Нәтижесінде Созақ ауылының командасы басым түсіп, турнирдің чемпионы атанды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегер командалар, сондай-ақ турнирдің үздік ойыншылары «Торлан Строй» ЖШС ұжымы тарапынан арнайы естелік кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
———-
В СОЗАКЕ ПРОШЕЛ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ТУРНИР ПО МИНИ-ФУТБОЛУ "TORLAN CUP"
В спортивно-оздоровительном комплексе "Шолаккорган" в центре Созакского района прошел республиканский турнир по мини-футболу "Torlan Cup". В традиционном соревновании наряду с командами Созакского района приняли участие 12 команд из других регионов страны, которые соревновались за призовые места. На открытии турнира выступил заместитель акима района Серик Маманов и пожелал участникам удачи.
Стоит отметить, что турнир "Torlan Cup" впервые был организован в 2017 году по инициативе ТОО "Торлан Строй" на сельском уровне. Сегодня это соревнование получило статус республиканского и прошло в новом спортивно-оздоровительном комплексе, возведенном в районном центре. По итогам соревнований команда "Кумкент" замкнула тройку лучших. В финальной встрече команда города Алматы и команда села Созак боролись за чемпионский кубок. В результате команда села Созак стала чемпионом турнира. Все команды-победители и призеры, а также лучшие игроки турнира были награждены специальными памятными кубками, медалями и ценными призами от коллектива ТОО "Торлан Строй".
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
02 февраля 2026
Жаңалық
ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
2026 жылдың 26 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Жезқазған қаласында үстел теннисінен 2011 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар қатысқан дүбірлі додада Түркістан облысының құрама командасы жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Командалық есепте ұлдар арасында Түркістан облысының спортшылары алтын жүлдені иеленіп, чемпион атанды. Жекелей сында Марлен Жұмағұл чемпион атанса, ал Ердәулет Бекқұлы 3-орынды иеленді. Жұптық бәсекеде де түркістандықтар табысты өнер көрсетті. Ұлдар арасында Орынбасар Есімхан мен Ердәулет Бекұлы күміс жүлдеге қол жеткізсе, Марлен Жұмағұл мен Абай Жұмағұл қола жүлдені иеленді. Қыздар жұбында апалы-сіңлілі Айна мен Ұлданай Нәзірлер алғашқы үштіктен көрінді. Аралас жұптық сайыста Марлен Жұмағұл алтын жүлдені жеңіп алса, Орынбасар Есімхан қола жүлдеге қол жеткізді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
02 февраля 2026
Жаңалық
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ САРЫАҒАШТАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ
▪️Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Түркістан облысына келіп, Сарыағаш ауданында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың жай-күйін пысықтады. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аймақта атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты ақпарат берді.
▪️Сарыағаш ауданына қарасты Жартытөбе ауылдық округіндегі Достық елді мекені орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Аталған елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын «Универсал Строй Сервис» ЖШС жүргізді. Құрылыс жұмыстары толық аяқталып, нәтижесінде 890 абонент таза ауыз сумен қамтылды.
▪️Жалпы 2025 жылы Сарыағаш ауданында 8 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылып, ауыз сумен қамту деңгейі 92,1 пайызды құрады.
▪️Сарыағаш ауданына іссапар барысында Премьер-Министрдің кеңесшісі Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» ЖШС-ның жұмысымен танысты. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның мәліметінше, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 130 мың бас құс өсірілуде. Кәсіпорында өндірілген өнімдер аудан және облыс аумағындағы сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті тұрғындар сапалы әрі қолжетімді жұмыртқамен қамтамасыз етіліп отыр. Ералы Тоғжанов өндіріс көлемін ұлғайтуға, құс шаруашылығын дамытуға және ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды жоғары бағалады.
▪️Былтыр «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейту мақсатында қосымша 50 мың басқа арналған жаңа құс фабрикасының құрылысын аяқтады. Өндіріс орны Германия елінен алып келінген заманауи технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Бұл өнім сапасын арттырып, кәсіпорынның жалпы өндірістік тиімділігін едәуір жоғарылатуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем өндіретін цехты іске қосты. Жаңа өндірістік нысан құс шаруашылығындағы шығындарды азайтып, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, сондай-ақ өндіріс көлемін ұлғайтуға оң әсерін тигізуде.
▪️Осы күні ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша мәжіліс өтті. Жиын барысында Түркістан облысы тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі мен алдағы жоспарлар жан-жақты талқыланды.
▪️Жиында тапсырмалардың орындалу барысы туралы Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиев баяндама жасады. Оның айтуынша, 2025 жылы облыс аумағында 30 елді мекенді ауыз сумен қамтуға бағытталған жобалар іске асырылды. Нәтижесінде облыстағы 801 елді мекен (7 қала, 794 ауылдық елді мекен) толық орталықтандырылған ауыз сумен қамтылып, белгіленген индикаторлық көрсеткішке қол жеткізілді.
▪️Жиын барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керемқұлов өңір аумағында араланған нысандардың қазіргі жағдайы туралы баяндады. Сонымен қатар аудан және қала әкімдері ауыз сумен қамту бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Мәжіліс соңында ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне Түркістан облысы әкімдігімен бірлесіп, жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту және қаржыландырудың өзге де көздерін қарастыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Айтылған мәселелер мен ұсыныстар Үкімет басшысының атына жолданатын қызметтік жазбаға және мәжіліс хаттамасына енгізілетін болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_____________
СОВЕТНИК ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА РК ОЗНАКОМИЛСЯ С ИНФРАСТРУКТУРНЫМИ И АГРОПРОМЫШЛЕННЫМИ ПРОЕКТАМИ В САРЫАГАШЕ
▪️Советник Премьер-министра Республики Казахстан Ералы Тугжанов прибыл с рабочим визитом в Туркестанскую область, где проинспектировал состояние инфраструктурных проектов в Сарыагашском районе. Первый заместитель акима Туркестанской области Зулфухар Жолдасов и аким Сарыагашского района Арман Абдуллаев представили подробную информацию о проводимых в регионе работах.
▪️В населенном пункте Достык сельского округа Жартытобе завершено подключение к централизованной системе водоснабжения. Проект был реализован за счет средств республиканского бюджета подрядной организацией ТОО «Универсал Строй Сервис». В результате 890 абонентов были обеспечены чистой питьевой водой.
▪️Всего в 2025 году в Сарыагашском районе к централизованному водоснабжению подключили восемь населенных пунктов, в результате чего уровень обеспеченности водой достиг 92,1%.
▪️В рамках визита советник Премьер-министра посетил ТОО «Сарыағаш құс» в сельском округе Дарбаза. Предприятие выращивает 130 тысяч голов птицы яичного направления. Продукция поставляется в торговые точки района и области. В прошлом году была построена новая птицефабрика еще на 50 тысяч голов, оснащенная современным немецким оборудованием. В этом году компания получила льготный кредит и запустила цех по производству комбикормов. Это позволило снизить себестоимость продукции и повысить эффективность производства. Е. Тугжанов высоко оценил инициативы по расширению производства и созданию новых рабочих мест в сельской местности.
▪️Затем под председательством Ералы Тугжанова состоялось совещание по вопросам качественного водоснабжения населенных пунктов области. Руководитель областного управления энергетики и ЖКХ Токтар Усубалиев сообщил, что в 2025 году были реализованы проекты по водоснабжению в 30 населенных пунктах. В итоге 801 населенный пункт области (7 городов и 794 села) полностью обеспечен централизованной питьевой водой, что соответствует плановым индикаторам.
▪️Заместитель председателя Комитета по делам строительства и ЖКХ Нурсултан Керемкулов и акимы районов доложили о текущем состоянии объектов. По итогам совещания советник Премьер-министра поручил Министерству промышленности и строительства совместно с акиматом области рассмотреть возможность увеличения объемов финансирования проектов, изучить альтернативные источники финансирования. Все озвученные предложения будут включены в служебную записку на имя главы Правительства и в протокол совещания.
Пресс-служба акима Туркестанской области
02 февраля 2026
Жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ КЕЗЕКТІ РЕТ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ
▪️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың мәселелерін тыңдады. Жауапты сала басшылары және құқық қорғау өкілдерімен бірге түйіткілді мәселелердің шешу жолдарын қарастырды.
▪️Қабылдауға Түркістан қаласы, Бәйдібек, Төлеби, Жетісай, Мақтаарал, Сайрам аудандарының тұрғындары қатысты. Азаматтар тұрғын үй алу, жер алу, ескерткіш орнату, қоғамдық ұйымның жұмысына қолдау көрсету, ұялы байланыс қызмет сапасын арттыру сияқты арыз-шағымдарын жеткізді. Сондай-ақ білім, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту салаларына қатысты өтініштері мен ұсыныстарын айтты. Мәселен, түркістандық тұрғындар облыс орталығындағы «Жеңіс» саябағына ескерткіш орнату бойынша ұсынысын жеткізді. Бұл ұсыныс сәулеттік жобалар бойынша кеңес отырысында қаралып, зерделеніп, қажеттілігіне қарай министрлікке ұсынылатын болды. Тағы бір тұрғын Төлеби ауданы, Аққұм ауылының шет жағында ұялы байланыс ұстамайтынын жеткізді. Аудан әкімдігі тарапынан «Кселл» операторымен келіссөздер жүргізілгені хабарланды. Байланыс сапасын жақсарту үшін жеке оператор биыл ауыл аумағында қосымша антенна қоюды жоспарлап отыр. Бәйдібек ауданынан келген тұрғын баспана алу және мамандығына сай жұмысқа орналасу бойынша көмек сұрады. Өтініш иесіне бос жұмыс орны ұсынылып, кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамту мақсатында 144 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жоспарланып жатқаны айтылды.
▪️Нұралхан Көшеров әрбір өтінішті мұқият тыңдап, барлық мәселелердің заң аясында шешілуін жеке бақылауына алды. Тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма берді. Бірқатар мәселе сол мезетте шешімін тапты.
▪️Облыс әкімі мұндай жеке қабылдаулар тұрғындармен тікелей байланыс орнатудың, олардың мәселелерін жылдам әрі тиімді шешудің жолы екенін айтты.
▪️Айта кетейік, облыс әкімі мен оның орынбасарлары жеке қабылдауды кестеге сәйкес тұрақты өткізуде. Жеке қабылдауға жазу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және Азаматтарды қабылдау орталығына келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_________
АКИМ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОВЕЛ ОЧЕРЕДНОЙ ПРИЕМ ГРАЖДАН, ВЫСЛУШАВ ОБРАЩЕНИЯ И ПРЕДЛОЖЕНИЯ ЖИТЕЛЕЙ
▪️Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров провел очередной личный прием граждан. Совместно с руководителями профильных ведомств и представителями правоохранительных органов были рассмотрены пути решения актуальных проблем населения.
▪️В приеме приняли участие жители города Туркестана, а также Байдибекского, Толебийского, Жетысайского, Мактааральского и Сайрамского районов. Граждане обращались по вопросам получения жилья и земельных участков, установки памятников, поддержки общественных организаций и улучшения качества мобильной связи. Также были озвучены предложения в сферах образования, социальной поддержки и занятости.
▪️К примеру, жители Туркестана предложили установить памятник в парке «Жеңіс». Предложение будет изучено на заседании совета по архитектурным проектам и, при необходимости, направлено на рассмотрение в министерство.
▪️Житель Толебийского района сообщил об отсутствии мобильной связи на окраине села Аккум. Акиматом района уже проведены переговоры с оператором «Кселл». В этом году планируется установка дополнительной антенны для улучшения качества сигнала.
▪️Житель Байдибекского района обратился за помощью в трудоустройстве по специальности и получении жилья. Заявителю предложили вакантное место, а также сообщили, что для обеспечения очередников жильем запланировано строительство 144-квартирного дома.
▪️Н. Кушеров внимательно выслушал каждого обратившегося и взял решение всех вопросов под личный контроль, поручив исполнение соответствующим госорганам. Ряд проблем был решен на месте.
▪️Аким области подчеркнул, что такие встречи являются эффективным инструментом прямой связи с населением и позволяют оперативно решать нужды граждан.
▪️Напомним, аким области и его заместители проводят личные приемы на регулярной основе согласно утвержденному графику. Запись на прием осуществляется через портал egov.kz, единую базу e-Otinish или в центр приема граждан путем подачи письменного заявления.
Пресс-служба акима Туркестанской области
02 февраля 2026
Жаңалық
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жұмыстар жалғасуда. Қыс мезгілінде автомобиль жолдарын қалыпты жағдайда ұстау, қарды уақтылы тазалау және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр.
Ордабасы ауданына қарасты Темірлан елді мекенінің көшелерінде қыс мезгіліндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қар мен мұздан тазарту жұмыстары ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Аталған жұмыстарға жауапты мекемелер мен коммуналдық қызмет өкілдері жұмылдырылып, елді мекеннің орталық көшелері, жаяу жүргіншілер жолдары және қоғамдық орындары қамтылды. Нәтижесінде жалпы ұзындығы 21,5 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары мен аяқжолдар қардан тазартылды. Тазалау жұмыстарына 12 арнайы техника тартылып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрғындардың еркін жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауға баса назар аударылды.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тазалық және қар тазалау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде жүргізіліп, жағдай қатаң бақылауда болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
02 февраля 2026
Жаңалық
ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА АУҚЫМДЫ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯ ӨТКІЗДІ
📍Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобының ұйымдастыруымен «Біртұтас ел – Біртұтас жер» атты ауқымды әскери-патриоттық акция өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – әскери қызметтің беделін арттыру, жастардың бойында отансүйгіштік рух пен әскери борышты орындауға деген жауапкершілікті нығайту.
▪️Акция аясында Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті, Әскери білім департаменті, Ұлттық әскери-патриоттық орталық өкілдері, сондай-ақ Түркістан облысы бойынша Қорғаныс істері департаментінің бастығы №27 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-лицейі мен №33 жалпы білім беретін мектептерде болды. 9–11 сынып оқушыларына әскери оқу орындарына түсу тәртібі, әскери қызметті өткеру шарттары және әскери қызметшілерге арналған әлеуметтік жеңілдіктер жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар оқушыларға ҚӘӘИ, ӘҚК ӘИ және РЭжБӘИИ оқу орындарына түсуге қатысты ақпараттық парақшалар таратылды.
▪️Іс-шараның салтанатты бөлімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен басталып, Қарулы күштердің тарихы мен жауынгерлік жолын баяндайтын бейнеролик көрсетілді. Құттықтау сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің өкілі, полковник Дәулет Бейсеков аталған акцияның жастар арасында патриоттық құндылықтарды қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.
▪️Шара барысында жылжымалы музейлік көрме болды. Оған қаладағы жалпы білім беру мекемелерінен шамамен 1000-ға жуық оқушы мен ұстаз қатысты. Экспозиция Алматы қаласындағы Әскери даңқ музейінің қорынан әкелініп, Қазақстандағы әскери бөлімдердің құрылғанына 85 жыл толуына арналған құнды жәдігерлерді қамтыды.
▪️Көрменің ең құнды экспонаттарының қатарында даңқты қолбасшы, «Халық қаһарманы» Бауыржан Момышұлының жеке марапаттары мен тұтынған заттары, Кеңес Одағының Батыры, 316-атқыштар дивизиясының командирі генерал-майор Иван Панфиловтың жеке бұйымдары, сондай-ақ 397 фашистің көзін жойып, жау тарапынан «қара өлім» атанған мерген Төлеуғали Әбдібековтің марапаттары мен құжаттары көпшілік назарына ұсынылды.
▪️Сондай-ақ шара барысында әскери оқу орындарына түсу тәртібі, құжат тапсыру талаптары және әскери есепке қою мәселелері бойынша кең көлемде түсіндірме берілді. Акция Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.
02 февраля 2026
Жаңалық
Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі. Президент өз сөзінде ерікті болу – Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу екенін атап өтті.
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ерікті болу – игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу. Баршаңызға Волонтерлер форумының ашылуы құтты болсын! Бұл – шын мәнінде ерекше басқосу. Бәріңіз де бүгінгі форумға еліміздің әр аймағынан келіп жатсыздар. Мен Сіздерді қоғам игілігі үшін қызмет етіп жүрген Қазақстанның нағыз отаншыл, жасампаз және қамқор жастары деп санаймын. Биыл бүкіл әлем Халықаралық еріктілер жылын атап өтуде. Өздеріңіз білесіздер, бұл бастаманы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-ші сессиясында көтердім. Еліміздің ұсынысы жаһандық ауқымда қолдау тапты. Біз өркениетті ел ретінде күллі адамзатқа ортақ құндылықтарды дәріптейміз, оны келешек ұрпаққа аманат етеміз. Ерікті болу – игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу деген сөз. Ниеті түзу, жаны таза адамдар осы жолды таңдайды, еріктілер қатарына қосылып, қажырлы еңбек етеді. Еріктілерді озық ойлы қоғамның айнасы деп айтсақ, артық болмайды».
⚡️Мемлекет басшысы форумда айтылған ұсыныстарды қолдайтынын және олардың ең пайдалысын жүзеге асыру бойынша тапсырма беретінін жеткізді.
«Нағыз волонтер тұтас қоғамның игілігін ойлайтын, еліміздің мұрат-мүддесін биікке қоятын саналы азамат екені сөзсіз. Осы орайда, бүгін мен барша еріктілерге шынайы алғысымды айтамын. Сіздер барлық игі істің басы-қасында, халқымыздың арасында жүрсіздер! Еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келесіздер. Жаңа ғана бірнеше азамат сөз сөйледі, салмақты ойларын ортаға салды. Ұтымды ұсыныстарын жеткізді. Олардың көбін мен қолдаймын, ең пайдалы ұсыныстарыңызды жүзеге асыруға тапсырма беремін. Халқымыз «Ақыл – жастан» деп бекер айтпаған. Қазақстанның болашағы – осындай белсенді әрі жігерлі ұл-қыздарымыздың қолында. Бәріңізге «Жарайсыздар!» деп айтқым келеді».
02 февраля 2026
Жаңалық
ТҮРКІСТАНДА ЕУРОПАҒА ТАУАР ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ
▪️Түркістан облысының әкімі шетелдік инвестормен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңір аумағында логистикалық орталық ашу мәселесі талқыланды. Облыс әкімі өңірдің инвестициялық және транзиттік-логистикалық әлеуеті зор екенін жеткізді.
📌– Түркістан облысы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистралінің бойында орналасқан. Халықаралық әуежайымыз бар. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып, тауар айналымы көлемін арттыруға болады. Жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.
▪️Шетелдік компания өкілі Түркістандағы әуежай арқылы Еуропаға 2000 тонна тауар тасымалдағанын, биыл бұл көрсеткішті ұлғайтуды жоспарлап отырғанын айтты. Сонымен бірге Түркістанды халықаралық логистика хабы ретінде дамытуға қызығушылық танытты. Ендігі ретте осы өңірден тауарды сақтайтын, арнайы буып-түйетін логистикалық орталық салу көзделіп отыр.
▪️Тараптар Түркістан облысының географиялық орналасуы мен транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жайын сөз етті.
▪️Облыс әкімі өңір басшылығы инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтіп, мұндай ірі жобалар аймақ экономикасының дамуына серпін беретінін жеткізді.
▪️Кездесу қорытындысында қос тарап жобаны нақтылау, алдағы ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде уағдаласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_______
В ТУРКЕСТАНЕ ПРОВЕДЕНЫ ПЕРЕГОВОРЫ ПО ОТКРЫТИЮ ЛОГИСТИЧЕСКОГО ЦЕНТРА ДЛЯ ПЕРЕВОЗКИ ТОВАРОВ В ЕВРОПУ
▪️ Аким Туркестанской области провел встречу с иностранным инвестором. Стороны обсудили вопрос открытия логистического центра на территории региона. Нуралхан Кушеров отметил, что область обладает огромным инвестиционным и транзитно-логистическим потенциалом.
📌 - Туркестанская область расположена вдоль магистрали «Западная Европа - Западный Китай». У нас есть международный аэропорт. Используя эти возможности, можно увеличить объемы товарооборота. Мы готовы оказать поддержку в реализации проектов, - отметил Нуралхан Кушеров.
▪️ Представитель иностранной компании сообщил, что через аэропорт Туркестана в Европу уже было перевезено 2000 тонн товаров, и в текущем году планируется увеличить этот показатель. Также была выражена заинтересованность в развитии Туркестана как международного логистического хаба. В планах - строительство логистического центра для хранения и специальной упаковки товаров в данном регионе.
▪️ Стороны обсудили вопросы эффективного использования географического положения и транзитного потенциала Туркестанской области, а также развитие транспортно-логистической инфраструктуры.
▪️ Аким области подчеркнул готовность руководства региона оказывать всестороннюю поддержку инвесторам, отметив, что такие крупные проекты придадут импульс развитию экономики региона.
▪️ По итогам встречи достигнута договоренность о конкретизации проекта и продолжении дальнейшего сотрудничества.
Пресс-служба акима Туркестанской области
02 февраля 2026
Жаңалық
ТҮРКІСТАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ҚАРТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында әлеуметтік-маңызды шара ұйымдастырылды. Аталған шараның негізгі мақсаты – жалғызбасты қарт адамдарға тұрмыстық және әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттау. Бұл бастамаға Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң ерікті жастары мен жауапты мамандары қарт азаматтардың үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізді және күнделікті өміріне қажетті әлеуметтік қолдау көрсетті. Сонымен қатар, іс-шара аясында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Дінислам Бимаханбетов экологиялық тәртіпті сақтау, тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізді.
«Аталған бастама «Таза Қазақстан» жобасының негізгі бағыттарына сәйкес жүзеге асырылып, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға, жастардың еріктілік қызметке белсенді қатысуына және экологиялық сана-сезімді нығайтуға бағытталды. Іс-шараға Түркістан облысының Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, белсенді жастар, еріктілер мен қоғам өкілдері қатысты. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады» - деп айтты сала маманы.
Айта кетейік, 2025 жылы Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 7 263 тазалық шарасы өтті. Экологиялық бастамаға 1 млн-нан астам тұрғын қатысып, 7 мың техника жұмылдырылды. Көшелерде, қоғамдық орындарда, аулалар мен саябақтарда тазалау жұмыстары тұрақты жүргізілді. Нәтижесінде 1 милионнан астам көшет отырғызылып, 16 624 тонна қоқыс шығарылды.
———
В ТУРКЕСТАНЕ В РАМКАХ ПРОГРАММЫ "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" ОКАЗАНА ПОМОЩЬ ОДИНОКИМ ПОЖИЛЫМ ЛЮДЯМ
В Туркестанской области в рамках экологического проекта "Таза Қазақстан" было организовано социально-значимое мероприятие. Основная цель данного мероприятия - оказание бытовой и социальной поддержки одиноким пожилым людям, а также формирование экологической культуры в обществе и пропаганда ответственного отношения к окружающей среде. В рамках данной инициативы волонтеры и ответственные специалисты Туркестанского областного КГУ «Молодежный рессурсный центр" посетили дома престарелых граждан, провели уборку и оказали необходимую социальную поддержку в повседневной жизни. В рамках мероприятия заместитель руководителя областного КГУ "Молодежный ресурсный центр" Динислам Бимаханов провел разъяснительную работу по сохранению экологического порядка, превращению чистоты в повседневный образ жизни.
"Данная инициатива реализована в соответствии с основными направлениями проекта "Таза Қазақстан", направлена на повышение социальной ответственности в обществе, активное участие молодежи в волонтерской деятельности и укрепление экологического сознания. В мероприятии приняли участие сотрудники Молодежного ресурсного центра Туркестанской области, активная молодежь, волонтеры и представители общественности. Эти работы будут продолжены и в дальнейшем", - сказал специалист отрасли.
Отметим, что в 2025 году в Туркестанской области в рамках программы "Таза Қазақстан" проведено 7 263 субботника. В экологической инициативе приняли участие более 1 млн жителей, задействовано 7 тыс. единиц техники. Уборка на улицах, в общественных местах, во дворах и парках проводилась регулярно. В результате было высажено более 1 милиона саженцев и вывезено 16 624 тонны мусора.
Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты