Меню
Страницы
Деятельность
Об управлении
Пресс-центр
Контакты
Документы
Онлайн приемная
Все материалы
30 мая 2025
Жаңалық
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ (WTA) – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ АЛЬЯНСЫ ҚҰРАМЫНА ӨТУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Қытай Халық Республикасындағы жұмыс сапарын Ханчжоу қаласында жалғастырды. World Tourism Alliance (WTA) – Халықаралық туризм альянсының басшылығымен ресми кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Түркістан өңірінің туризм әлеуетін талқылап, халықаралық туристік серіктестікті кеңейту жолдарын қарастырды. Түркістан облысының Туризм басқармасы WTA құрамына мүшелікке өту жөнінде ресми өтінім берді. Альянс басшылығы бұл бастамаға оң көзқарасын білдіріп, қабылдау 2025 жылдың күз айларында өтетінін растады.
Халықаралық деңгейдегі бұл қадам Түркістанның жаһандық туристік картадағы орнын айқындап, шетелдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттырады. WTA алаңында өңірдің мәдени мұрасы мен киелі орындарын таныстыру, инвестициялық жобаларды ілгерілету және туризм саласында үздік тәжірибе алмасу мүмкіндігі артады. З.Жолдасов өңiрдiң туристік әлеуетін жандандыру бойынша Еуразиялық туризм ассоциациясымен бiрлесе, WTA ұйым мүшелерін облысымызда қарсы алуға дайын екенін жеткізді.
World Tourism Alliance (WTA) – әлемдік туризм саласындағы ықпалды коммерциялық емес ұйым. 2017 жылы құрылған ұйымның штаб-пәтері Ханчжоу қаласында орналасқан. Әлемнің 40-тан астам елінің 150-ден астам ұйымымен тығыз байланыста. Бұл ұйымдар құрамында ұлттық туризм басқармалары, туристік агенттіктер, әйгілі ғаламдық корпорациялар, ғылыми-зерттеу орталықтары және туристік БАҚ өкілдері бар.
WTA-ға мүше болу – Түркістан облысына халықаралық форумдар мен көрмелерге қатысуға, сондай-ақ әлемдік туризм трендтерін ескеріп, өз стратегиясын жетілдіруге мол мүмкіндік бермек.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
30 мая 2025
Жаңалық
ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» ЖАЙҚАЛЫП КЕЛЕДІ
✔️Түркістан қаласы аумағында «Жасыл белдеу» құру мақсатында отырғызылған орман ағаштарының саны артып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Бірлік алқабындағы «Жасыл белдеу» жұмыстарымен танысып, қаладағы «Жасыл аймақ» мекемесіндегі орман тұқымбағы мен жылыжайларын аралап көрді. Өңір басшысы «Жасыл белдеуге» жауаптыларға көшеттерді күтіп-баптау және көгалдандыру жұмыстарын одан әрі жандандырып, суару жүйесін жетілдіруді тапсырды.
✔️Түркістан қаласын шаң-тозаңнан сақтап, экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, 2019 жылы Түркістан қаласының айналасына «Жасыл белдеу» құрылды. Облыс әкімінің қолдауымен бүгінгі таңға дейін 29 544,0 ге жер мемлекеттік орман қоры санатына ауыстырылған. Оның ішінде Түркістан қаласы 2852,0 га, Сауран ауданы 19362,0 га және Отырар ауданы 7 330,0 га аумақты құрайды.
✔️Қала айналасынан 2019-2024 жылдар аралығында жалпы 18 071,0 га жерге әртүрлі жапырақты ағаштар отырғызылған. Атап айтсақ, жапырақты ағаш көшеттері – 8 337,0 га, сексеуіл екпелері – 9 734,0 га.
✔️Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев «Жасыл белдеудің» қазіргі жағдайы туралы мәлімдеп, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.
✔️Орман екпелерін суару мақсатында 237 ұңғыма қазылып, «Арыс-Түркістан» каналы, «Қосқорған» су қоймасы мен Қарашық өзенінен су тарту жүйелері орнатылды. Қазіргі таңда мекеменің аумағында 90 % электр желісі тартылған. Электр желісі тартылған учаскелерде 24 сағат суару мүмкіндігі бар. Ал қалған 10 % бензинді және дизельді мотопомпалармен суарылады. Мекемеде 100 гектар жер аумағында ағаш-бұта көшеттерін өсіруге тұрақты және 20 гектар уақытша орман тұқымбағы ұйымдастырылған.
✔️Тұқымбақтардың көлемін ұлғайту, климаттық жағдайды жақсарту бағытында заманауи тұқымбақ құрылды. Бүгінгі таңда, 1,0 га аумақты көленкелеу, тамшылатып суару жүйесін орнату, 6 жылыжай кешені мен ауқымды су жинау бассейні мен жылыту қазандығы және орманшылар үйі салынды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
30 мая 2025
Жаңалық
ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ МӘЖІЛІСІНДЕ МӘСЕЛЕЛЕР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ
✔️Түркістан облысының әкімінің төрағалығымен Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолдары, мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.
✔️– Біз үшін әрбір инвестициялық жоба маңызды. Осы мәжілісте өзекті мәселелерді айтып, шешу жолдарын ұсынған жөн. Облыс әкімдігі тарапынан тиісті қолдау көрсеіледі. Жобаларды уақтылы әрі сапалы атқару керек, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Күн тәртібінде бірнеше ірі жобаның жүзеге асыру барысы қаралды. Бүгінде Сайрам ауданында ет комбинаты мен бордақылау алаңы салынуда. Ал Түркістанда қаптама материалдарын өндіретін зауыт салынады. Сонымен бірге Түркістан қаласында сэндвич-панельдер, әртүрлі шам түрлері, поролон, қасбеттік материалдар және өндірістік полиэтилен қаптамаларын өндіретін зауыт салу инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыттың құрылысы, Арыс қаласындағы минералды су және басқа да алкогольсіз сусындар шығаратын цехты кеңейту барысы да талқыланды. Төлеби ауданындағы кіші гидроэлектр станциялары туралы да мағлұмат берілді.
✔️Шардарадағы жүгері зауыты, Мақтааралдағы мақта тұқымын өндіретін және тамшылатып суару жүйелері мен полиэтилен құбырларын өндіретін зауыт салу инвестициялық жобасы және өзге де жобалар сарапталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
29 мая 2025
Жаңалық
ТҮРКІСТАНДА «БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!» АТТЫ ШАРА ӨТТІ
Түркістан қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!» атты ауқымді іс-шара өтті. Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты – балалардың өмір қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайларда жүріс-тұрыс ережелерінің маңыздылығын түсіндіру, алғашқы көмек көрсету және жарақаттанудың алдын алу дағдыларын дамытуға жәрдемдесу.
Жиында құтқарушылар балаларға түрлі сайыстар ұйымдастырып, шеберлік сабақтарын өтті. Сондай-ақ, бүлдіршіндерге концерттік бағдарлама ұсынып, төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар, балаларға жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, жиынға қатысқан бүлдіршіндерге түрлі сыйлықтар үлестірілді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
29 мая 2025
Жаңалық
ТҮРКИЯЛЫҚ ORZAX КОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДА ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУ ҮШІН ТҮРКІСТАНДЫ ТАҢДАДЫ
✔️Түркияның жетекші фармацевтикалық компанияларының бірі – ORZAX Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) шығаратын жаңа зауыт салуға ниетті. Жобаның жалпы құны 40 миллион АҚШ долларын құрайды.
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен ORZAX компаниясының басшылығы арасындағы кездесуде өндірістік жобаны іске асыру мәселелері талқыланды. Тараптар зауытты Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «TURAN» арнайы экономикалық аймағы аумағында салу мүмкіндігін қарастырды. Бұл шешім компанияға жеңілдетілген салықтық және әкімшілік режимдерді пайдаланып, тиімді өндіріс құруға жол ашады.
✔️Өндірістік кешен іске қосылғаннан кейін жылына 35 миллион қорап ББҚ шығарылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл өңір тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.
✔️Келіссөздер аясында құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың ішінде бастау, ал зауытты 2026 жылдың соңына дейін іске қосу мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.
✔️Облыс әкімі жобаның маңыздылығын атап өтіп, жергілікті әкімдік тарапынан толық қолдау көрсетілетінін мәлімдеді – инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, құжаттаманы рәсімдеу және барлық рұқсат беру рәсімдерін жеделдету бағытында.
📌– Түркістан – ашық, серіктестікке дайын өңір. Біз – бауырлас елміз. Түркиялық компанияның өңірімізге келіп, осындай ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ниетті болуы – біздің облыс үшін зор мүмкіндік. Жаңа зауыттың құрылысы Түркістан облысының экономикасын дамытуға үлкен үлес қосып, жүздеген азаматты тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Біз бұл бастаманы толық қолдаймыз және жобаның табысты іске асуына барлық жағдай жасаймыз. Өздеріңізбен тікелей байланыста боламыз, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.
✔️ORZAX – Түркияда орналасқан, табиғи ингредиенттер негізінде биологиялық белсенді қоспалар өндіретін халықаралық деңгейдегі жетекші компания. Қазіргі таңда компания 100-ден астам өнім түрін шығарады, оның ішінде пробиотиктер, өсімдік экстрактылары, арнайы формулалар, Омега-3, дәрумендер мен минералдар, коллагендер бар. Компания Түркияда рецептсіз берілетін өнімдер нарығында көшбасшы болып келеді. Өнімдері әлемнің 50-ден астам еліне экспортталады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___________
ТУРЕЦКАЯ КОМПАНИЯ ORZAX ВЫБРАЛА ТУРКЕСТАН ДЛЯ РАСШИРЕНИЯ ПРОИЗВОДСТВА В КАЗАХСТАНЕ
✔️Одна из ведущих фармацевтических компаний Турции - ORZAX - намерена построить завод по производству биологически активных добавок в Туркестанской области. Общая стоимость проекта составляет $40 млн.
✔️На встрече акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова и руководства компании ORZAX были обсуждены вопросы реализации проекта. Стороны рассмотрели возможность строительства завода на территории специальной экономической зоны TURAN, созданной по поручению Главы государства. Это решение открывает компании путь к созданию эффективного производства с использованием упрощенного налогового и административного режимов.
✔️После запуска производственного комплекса планируется выпуск 35 млн пачек БАДов в год. Кроме того, будет создано более 500 рабочих мест. Это откроет новые возможности для жителей региона и придаст импульс социально-экономическому развитию Туркестанской области.
✔️В рамках переговоров подробно обсуждались вопросы начала строительных работ в течение 2025 года и запуска завода до конца 2026 года.
✔️Аким области сообщил, что будет оказана полная поддержка со стороны местного акимата, которая подразумевает обеспечение инфраструктурой, оформление документации и ускорение всех разрешительных процедур.
📌- Наш регион открыт к сотрудничеству. Казахстан и Турция - братские страны. Решение турецкой компании реализовать такой крупный инвестиционный проект в Туркестанской области - огромная возможность для нашего региона. Строительство завода внесет большой вклад в развитие экономики и обеспечит стабильную работу сотням граждан. Мы полностью поддерживаем эту инициативу и обеспечим все условия для успешной реализации проекта. Будем поддерживать непосредственный контакт с вами, - сказал аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров.
✔️ORZAX - ведущая компания международного уровня, базирующаяся в Турции, которая производит биологически активные добавки на основе натуральных ингредиентов. На сегодняшний день компания выпускает более 100 видов продукции, в том числе пробиотики, растительные экстракты, специальные формулы, Омегу-3, витамины, минералы, коллаген. ORZAX является лидером на рынке безрецептурных продуктов в Турции. Продукция экспортируется в более чем 50 стран мира.
Пресс-служба акима Туркестанской области
29 мая 2025
Жаңалық
КЕЛЕСТІК ӨНЕРПАЗДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Өзбекстанда өткен I Халықаралық көпжанрлы «Nuray Art Fest» байқауында келестік бишілер топ жарды. Ел мерейін үстем еткен «Ай-Луна» би тобы көрерменнің көзайымына айналып, қазылар алқасының шешімімен жүлделі І орынды иеленді. Байқауға «Үйірмелер әлемі» шығармашылық орталығы және жеке кәсіпкер Сафура Андабаеваның қолдауымен қатысқан би тобы 7-8 жас аралығындағы 13 жас бишіден құралған. Топты өнер бәйгесіне хореограф Зарина Бекемқұлова дайындаған.
Сайыс барысында жас өнерпаздар қазақ биінің көркемдігі мен ұлттық нақыштағы би қимылдарын жоғары деңгейде сахналай білген. Шығармашылық ұжымның өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаға ие болды. Байқау жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Топ жетекшісі Зарина Бекемқұлованың айтуынша, бұл жеңіс – ұзақ уақыт бойы жасалған еңбектің жемісі. Сонымен қатар, ол алдағы уақытта да халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуді мақсат етіп отырғанын жеткізді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
29 мая 2025
Жаңалық
ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ШАНХАЙДАН ТУРИСТІК КЕҢСЕ АШТЫ
✔️ҚХР-ның Шанхай қаласындағы ғасырға жуық тарихы бар Broadway Mansions қонақ үйінде Visit Turkistan туристік ақпараттық кеңсесі ашылды.
✔️Кеңсенің негізгі мақсаты – әлемнің түкпір-түкпірінен келетін саяхатшыларға Түркістан облысының туристік әлеуетін таныстыру және өңірге туристерді тарту.
✔️Қазақстан туризмін халықаралық деңгейде насихаттайтын бұл кеңсенің ашылуына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов қатысып, ізгі ниетін жеткізді.
📌– Екі ел арасындағы байланыс бірнеше ғасырға жалғасып келеді. Ұлы Жібек жолы бойындағы бұл тарихи сабақтастық әлем үшін де маңызды. Біз Қытаймен арадағы осы байланысты іскерлік бағытта жаңғыртып, Түркістан облысының туризмін жаңа деңгейге шығарғымыз келеді. Кеңсеміздің ашылуына үлес қосқан SkyWay туроператоры мен Шанхай туристік қауымдастығына алғысымыз шексіз, – деді облыс әкімінің орынбасары.
✔️Шара аясында Түркістан облысының туризм басқармасы мен China Corporate United Pavilion Group (CCUP) және SkyWay туристік операторы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
✔️Қытайлық туристік операторлардың қызығушылығы Түркістанға жаңа туристік ағым қалыптастырады деген сенім бар. Бұл келісім өңірдің халықаралық имиджін көтеріп, туризм саласына инвестиция тартуға және мәдени байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
✔️Қос тараптың қолдауымен Шанхайда ашылған кеңсе тұрақты әрі жүйелі жұмыс істейді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_________
ТУРКЕСТАНЦЫ ОТКРЫЛИ ТУРИСТИЧЕСКИЙ ОФИС В ШАНХАЕ
✔️В отеле Broadway Mansions в Шанхае с почти столетней историей открылся туристический информационный офис Visit Turkistan.
✔️В офисе будут знакомить путешественников со всего мира с туристическим потенциалом Туркестанской области и привлекать туристов в регион.
✔️Первый заместитель акима Туркестанской области Зулфухар Жолдасов принял участие в открытии Visit Turkistan и отметил, что центр призван пропагандировать казахстанский туризм на международном уровне.
📌 - Связь между нашими странами продолжается несколько столетий. Историческая преемственность на Великом Шелковом пути также важна для мира. Мы хотим модернизировать эту связь с Китаем в деловом направлении и вывести туризм Туркестанской области на новый уровень. Благодарим туроператора SkyWay и Шанхайскую туристическую ассоциацию, которые внесли вклад в открытие нашего офиса, – сказал заместитель акима области.
✔️В рамках мероприятия был подписан меморандум о взаимном сотрудничестве между управлением туризма Туркестанской области, China Corporate United Pavilion Group (CCUP) и туристическим оператором SkyWay.
✔️Интерес китайских туроператоров позволит создать новый туристический поток в Туркестан. Соглашение повысит международный имидж региона, привлечь инвестиции в сферу туризма и укрепит культурные связи.
✔️Офис, открытый в Шанхае при поддержке обеих сторон, будет работать стабильно и системно.
Пресс-служба акима Туркестанской области
29 мая 2025
Жаңалық
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ
✔️Түркістан облысында жалпы құны 130,3 млрд теңгені құрайтын 100-ге жуық инвестициялық жоба индустриалды аймақтарда жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар нәтижесінде 6 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Өңірде өндірісті дамыту, инвестиция тарту және инфрақұрылым жүргізу жұмыстары Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында. Қазіргі таңда жобалардың жартысынан көбі іске қосылып, облыс экономикасына 40 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тартылды. Нәтижесінде 3 мыңға жуық адам жұмысқа орналасып, облыс қазынасына 2,1 млрд теңге салық түсті.
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлының төрағалығымен өткен мәжілісте «Turkistan» индустриалды аймақтарындағы жобалар мен олардың жүзеге асу барысы жан-жақты қаралды. Жиында әкім индустриалды аймақтарды кеңейту мен жаңадан құрылатын өндірістік алаңдарға инфрақұрылым жеткізу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.
📌– Индустриалды аймақтар – аймақтың экономикалық қуатын арттыратын маңызды құрал. Біз әр ауданда өндірісті дамытып, инвесторларға толық жағдай жасауды қамтамасыз етуіміз керек. Жаңа жобалар – жаңа жұмыс орындары мен халықтың әл-ауқатын көтерудің кепілі. Бұл бағыттағы жұмысты жүйелі, нәтижелі жүргізуді талап етемін, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.
Сонымен қатар әкім индустриалды аймақтарды абаттандыру, көгалдандыру және заманауи талаптарға сәйкестендіру қажеттігін де атап өтті.
✔️Облыс әкімінің бастамасымен «Даму» өңірлік бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, Жетісай, Отырар, Сайрам аудандарында, сондай-ақ Шардара мен Арыс қалаларында жаңа индустриалды аймақтар құрылды. Қазіргі уақытта тағы 4 индустриалды аймақты құру немесе кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Мақсат – әрбір аудан мен қалада өндірістік алаңдарды қамтамасыз етіп, кәсіпкерлікті дамытатын инфрақұрылым құру.
✔️Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов мәжіліс барысында сала бойынша атқарылған жұмыстар мен негізгі көрсеткіштерді баяндады. Жобалар аудан, қала әкімдіктері мен салалық басқармалар арасында тығыз үйлесімде жүзеге асырылуда.
✔️Индустриалды аймақтарда жүзеге асып жатқан жобалардың көпшілігі құрылыс материалдары өндірісі, дайын металл өнімдері, металлургия, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі бағыттарына бағытталған. 2024 жылы өңірлік үйлестіру кеңесі 18 инвестициялық жобаны мақұлдап, олар тиісті индустриалды аймақтарға енгізілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_________
НУРАЛХАН КУШЕРОВ ПОРУЧИЛ УСИЛИТЬ РАЗВИТИЕ ИНДУСТРИАЛЬНЫХ ЗОН В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
✔️В Туркестанской области в индустриальных зонах реализуется порядка 100 инвестиционных проектов на общую сумму 130,3 млрд тенге. Ожидается, что это позволит создать около шести тысяч постоянных рабочих мест. Работа по развитию производства, привлечению инвестиций и созданию инфраструктуры находится на непосредственном контроле акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова. На данный момент запущено более половины проектов, в экономику области привлечено более 40 млрд тенге частных инвестиций. В результате трудоустроено около трех тысяч человек, в региональную казну поступило 2,1 млрд тенге налогов.
✔️На совещании под председательством главы региона были рассмотрены проекты и ход их реализации в индустриальной зоне Turkistan. Н. Кушеров поручил ускорить работу по расширению индустриальных зон и подведению инфраструктуры к новым производственным площадкам.
📌- Индустриальные зоны - важный инструмент, повышающий экономический потенциал региона. Мы должны развивать производство в каждом районе и обеспечивать благоприятную среду для инвесторов. Новые проекты - это новые рабочие места и повышение благосостояния жителей. Я настаиваю на системном и результативном проведении работы в этом направлении, - сказал аким области Нуралхан Кушеров.
✔️Аким также отметил необходимость благоустройства, озеленения и приведения индустриальных зон в соответствие с современными требованиями.
По инициативе главы региона внесены изменения в региональную программу "Даму", созданы новые индустриальные зоны в Жетысайском, Отырарском и Сайрамском районах и городах Шардаре и Арыси. В настоящее время ведутся работы по созданию еще четырех индустриальных зон и расширению имеющихся. Цель состоит в том, чтобы обеспечить производственные площади в каждом районе и городе и создать инфраструктуру для развития предпринимательства.
✔️Руководитель управления предпринимательства и промышленности Туркестанской области Нуржигит Мырзахметов на совещании доложил о проделанной работе и основных показателях по отрасли. Проекты реализуются в тесном сотрудничестве акиматов с отраслевыми управлениями.
Большинство проектов, реализуемых в индустриальных зонах, ориентировано на производство строительных материалов, готовой металлопродукции, мебели, изделий машиностроения и легкой промышленности.
В 2024 году региональный координационный совет одобрил 18 инвестиционных проектов, которые были включены в соответствующие индустриальные зоны.
Пресс-служба акима Туркестанской области
29 мая 2025
Жаңалық
ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕГІ КОЛЛЕДЖЕРДЕ 9 ЖАҢА МАМАНДЫҚ АШЫЛДЫ
✔️Түркістан өңіріндегі колледжерде «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай 9 жаңа мамандық ашылды. Олар: жүк көтергіш машиналар мен транспортерлер, пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу, жаңартылған энергетика, жемістер мен көкөністерді сақтау және қайта өңдеу, стамотология, фармация. Бүгінге дейін заңдастыру және құжаттандыру жұмыстары жүргізіліп, лицензиялары алынды. Бұл туралы 2025-2026 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру мен бөлу жөніндегі комиссия отырысында мәлім болды. Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары әрі комиссия төрағасы Бейсенбай Тәжібаев жұмысшы топ мүшелерімен маңызды мәселелерді талқылады.
📌— Комиссия соңғы 3 жылда жүйелі жұмыс істеді. Арнайы талдау жасап, талапкерлердің мамандықтарға түсу және түспеуін зерделеді. Соның нәтижесінде бөлінген гранттар толық игеріліп келеді. Бұл істі жалғастыру керек. Мемлекеттік тапсырысты перспективасы жоқ салаларға қарастырудың жөні жоқ. Таптаурын, сұраныс жоқ мамандықтар болмайды. Қоғамның қажеттілігіне жарайтын мамандықтарға мемлекеттік тапсырысты бағыттауымыз керек. Біріншіден – адам тағдыры. Екіншіден – қажетсіз мамандықты аяқтаған азаматтар түбі жұмыссыздар армиясының қатарына қосылады. Үшіншіден – мемлекеттік қаржысын тиімсіз пайдалануға әкеп соғады. Сондықтан сіздерден жауапкершілік, жанашырлық пен әділдік талап етіледі. Мамандық игеру, тегін оқу, жатақханамен қамтылу, бәсекеге қабілетті кадр атану – болашақты қалыптастыру мүмкіндігі. Оны қалт жібермеу үшін қоғамды хабардар етуге тиіспіз. Игілікті бастамаға ауыл жастарын шақырып, насихатты күшейтіңіздер, - деді Бейсенбай Дәулетұлы.
✔️Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова келіп түскен сұраныстар мен ұсыныстарға тоқталды. Айтуынша, облыс әкімдігінің салалық басқармалары, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, 17 аудан және қала әкімдігі, кәсіпорындардан 110 мамандық бойынша 23 мыңнан аса орынға сұраныс келген.
✔️Айта кетейік, биыл өңірдегі колледждерге 15 500 орынға грант қарастырылып отыр. Оның ішінде 9600-і жұмысшы мамандықтарына арналған. Облыс әкімінің тапсырмасымен ІТ мамандарына және инвестициялық жобалар негізінде кадрлар даярлауға көңіл бөлінуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
29 мая 2025
Жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУДАН ӨТЕДІ
✔️Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет Түркістан облысындағы тозығы жеткен теміржол вокзалдары жөндеуден өтпек. Нақтырақ айтқанда, «Түркістан», «Манкент», «Түлкібас», «Сарыағаш», «Темір», «Арыс-2» теміржол вокзалдарына реконструкциялау жұмыстарын жүргізу жопарлануда. Аталған вокзалдардың эскиз жобасы мен алдағы жұмыстар Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалағымен өткен кеңесте талқыланды.
✔️Жобалармен танысқан облыс әкімі тарихи нысандардың үлгісін сақтай отырып, жаңғырту жұмыстарын жүргізу керек екенін айтып, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма міндеттеді.
📌– Бұл теміржол вокзалдары – ғасырлық тарихи нысандар. Мүмкіндігінше, тарихи архитектурасын сақтай отырып, жаңартқан жөн. Барлық ғимараттар бір типті болсын. Өндірістік кесте жасап, құрылыс мерзімін нақтылайық. Құрылыс жұмыстарына сапалы материалдарды қолданыңыздар. Аудан, қала әкімдеріне құжаттандыру жұмыстарын жүргізуге 10 күн уақыт беремін, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Жиында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев облыстағы теміржол вокзалдарын реконструкциялау бойынша баяндады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта республикадағы 125 теміржол вокзалына реконструкциялау жұмыстары жүргізілмек. Соның ішінде, Түркістан облысы көлемінде 6 теміржол вокзалы ұсынылды. Бүгінде «Түлкібас», «Арыс-2», «Манкент» және «Сарыағаш» теміржол вокзалдарының қызметі уақытша ғимаратқа ауыстырылып, демонтаж жұмыстарын жүргізу үшін аумағы қоршалды.
✔️Қазіргі таңда мердігер мекемелер анықталды. Атап айтқанда, «Түлкібас», «Арыс-2», «Манкент» теміржол вокзалдарындағы жұмыстарды «Kanfar Building» ЖШС қолға алса, «Сарыағаш» және «Темір» теміржол вокзалдарындағы жұмыстарды «BOLD Construction Group» ЖШС жүргізетін болады. Ал, «Түркістан» теміржол вокзалы тарихи және мәдени ескерткіш болғандықтан, ғылыми-реставрациялық және авторлық қадағалау жұмыстарын «Казреставрация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны атқармақ.
✔️«Конструктор-80» ЖШС директорының орынбасары Қуаныш Асанов эскиз жобаларын ұсынып, ғимараттар мен құрылыстардың тірек конструкцияларының сенімділігі мен тұрақтылығына зерттеу жүргізілгендігін мәлімдеді. Бүгінде облыстағы 5 теміржол вокзалына реконструкциялау жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде.
✔️Жолаушылар мен жүк тасымалын қамтамасыз ететін маңызды көлік нысанын жаңғырту жолаушыларға жайлы жағдай жасауға ғана емес, туризм секторын дамытуға да оң әсерін тигізбек.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Социальные сети
Меню подвал
Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации