
Шарипова Фарида Амантұрқызы 1978 жылы мамыр айының 6 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
Жауапты да тарихи сәттерде Түркістан облысының дамып, өркендеуіне және қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығына өз үлесін қосып келеді. Жалпы жұмыс өтілі 20 жыл. Мемлекеттік қызметте 17 жыл 5 ай. Отбасылы, 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп келеді. Отбасында қамқоршы ана және мемлекеттік қызметті қатар алып жүрген нәзік жан.
Жеткен жетістіктері:
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекелік медалімен, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаты, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің Алғыс хаты және облыс әкімі, облыстық мәслихат хатшысының бірнеше Алғыс хаттары, Грамоталарымен марапатталған.
1984 – 1995 жылдары Шымкент қаласы, №7 Қ.Сыпатаев атындағы мектеп-лицейін бітірген.
1995 - 1999 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік институты Шымкент қалалық филиалының күндізгі бөліміне оқуға түсіп, Тарих факультетінің саясаттанушы мамандығын тәмәмдаған.
1999 – 2000 жылдары Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, С.Сейфуллин атындағы орта мектеп гимназиясы, экономика пәнінің мұғалімі;
2000 – 2003 жылдары Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, №97 негізгі мектеп, география және тарих пәндерінің мұғалімі;
2003 – 2008 жылдары Сайрам ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
2008 – 2010 жылдары Түркістан облысы ішкі саясат басқармасы саяси партиялармен және ҮЕҰ-мен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекші маманы;
2010 - 2019 жылдары Түркістан облысының ішкі саясат басқармасының қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы;
2019 - 2021 жылдары Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының қоғамдық бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы;
05.01.2021 - 01.11.2021 жылдары Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік идеологияны насихаттау және "Рухани жаңғыру" бөлімінің басшысы;
2021 жылдың қараша айының 2-сі күннен бастап Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік идеология және "Рухани жаңғыру" бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.