
Кентау қаласындағы ішкі орам жылу жүйелерін қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлепов аталған құрылыс нысандарына барып, жұмыс барысымен танысты.
Жобаның бірінші және екінші кезеңдері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары қатар атқарылуда. Бірінші кезең аясында жалпы ұзындығы 22,2 шақырымды құрайтын жылу жүйелерін қайта жаңарту көзделген. Қазіргі таңда 300 метр жылу құбырлары демонтаждалып, 180 метр құбыр қайта орнатылды.
Екінші кезең бойынша жалпы ұзындығы 44,8 шақырым болатын жылу желілерін жаңарту жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 3 шақырым құбыр демонтаждалып, 1,5 шақырым құбыр монтаждалды.
Қала әкімінің орынбасары мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімге сай аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берді. Аталған жобалар Кентау қаласының жылу жүйесін жаңғыртуға және тұрғындарды сапалы жылумен қамтамасыз етуге бағытталған.