КЕНТАУДА АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ БЕРІЛДІ

КЕНТАУДА АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ БЕРІЛДІ
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов алтын құрсақты аналарды қабылдап, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті. Халық санын арттырып, ел демографиясына үлес қосып отырған Кентау қаласындағы ақ жаулықты 13 ана осы марапатқа ие болып отыр. Оның 3-і алтын алқа, 10-ы күміс.
 
Салтанатты марапатау рәсімінде қала әкімі Жандос Тасов көп балалы аналарды құттықтап, еліміздегі ана мен баланы қорғауда мемлекеттің жасап отырған қамқорлығына тоқталды. Сіздерді біздің қоғамдағы бірліктің, жасампаздық пен тұрақтылықтың бейнесісіздер деп, алғыс білдірді.