ҚАРНАҚ АУЫЛЫНДА АТА-АНАЛАРМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ

ҚАРНАҚ АУЫЛЫНДА АТА-АНАЛАРМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Кентау қаласы Қарнақ ауылында мектеп оқушылары мен Қызылжол ауылының жасөспірімдері арасында орын алған тұрмыстық сипаттағы оқиғаға байланысты ата-аналармен арнайы жиналыс өткізілді.

Жиынға қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, қалалық білім беру бөлім басшысы мен мектеп басшылары, ұстаздар мен ата-аналар қатысты.

Жиналыстың негізгі мақсаты – орын алған оқиғаның себептерін талдау, құқықбұзушылықтың және этносаралық түсініспеушіліктердің алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру жолдарын қарастыру жайы талқыланды.

Кездесу барысында ата-аналарға кешкі уақытта (сағат 22:00-ден кейін) балалардың көшеде ата-анасыз жүруіне тыйым салынатыны және бұл талапты бұзған жағдайда жауапкершілік қарастырылатыны ескертілді. Сонымен қатар, «Соңғы қоңырау» шарасына байланысты ешқандай заңсыздық әрекеттерге жол берілмейтіні қатаң айтылды.

Жиын қорытындысында барлық білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын күшейту, оқушыларды мәдени, спорттық үйірмелерге тарту және ата-аналармен тығыз байланыс орнату бойынша нақты тапсырмалар берілді.