Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиналысқа қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Аппараттық мәжілістің күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды. Бірінші болып қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы И. Азизбаев баяндама жасап, Кентау қаласы және оған қарасты ауылдардың 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті бюджеттің орындалуы жөнінде ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, 2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Кентау қаласының даму көрсеткіштері мен бағалау жүйесі индикаторларының орындалу барысына тоқталды.
Келесі болып қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А. Абуов қала және ауылдардағы жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілерінің алдын алу және болдырмау бағытында атқарылған шаралар жөнінде баяндады.
Жиын қорытындысында қала әкімі тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, жұмыстардың тиімділігі мен сапасын арттыруды тапсырды.