Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында орналасқан «Мырза» шаруақожалығы 25 жылдан бері бау-бақша шаруашылығымен айналысып келеді. Аумағы 8 гектарды құрайтын жердің 6,5 гектары жеміс бағына айналған.
Шаруақожалықта алма, шабдалы, жүзім, өрік, анар, жаңғақ секілді жеміс-жидектердің түрлі сұрыптары өсіріледі. Сонымен қатар, шырша талдары мен жеміс ағаштарының көшеттері де отырғызылған. Өніп шыққан көшеттер мен жемістер Кентау, Түркістан қалаларына, сондай-ақ Ақтөбе, Жезқазған, Астана сынды еліміздің өзге өңірлеріне де саудаға шығарылады.
Кәсіпкер шаруашылықты әртараптандырып, балық өсірумен қатар, тынығуға арналған демалыс аймағын құруды да қолға алған.
Науқан маусымында шаруақожалық жергілікті тұрғындарды уақытша жұмыспен қамтып, ауыл экономикасына өз үлесін қосып келеді.