Бүгін Кентау қалалық мәслихатының кезектен тыс 27-ші сессиясы өтті. Жиынға қала әкімі Жандос Тасов, қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Сессия барысында 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу, ауылдар мен елді мекендердің шекараларын белгілеу, рекреациялық аймақтарға арналған жер учаскелерінің тәртібі мен режимін анықтау, тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарын айқындау сынды маңызды мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, мәслихаттың бұрынғы шешімдеріне өзгерістер енгізіліп, қала әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамы жаңартылды. Барлық мәселелер қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.