Байқауға облысқа қарасты аудан-қалалардан он жеті қария қатысып, үш кезең бойынша өзара жарысты. Қатысушылар бірінші кезеңде баталарды жатқа, мәнерлеп айтып сынға түссе, екінші кезеңде, өз жанынан салт-жоралғыға байланысты бата берді. Үшінші кезеңде салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, ақсақалдардың бата бергендегі сөз саптауы мен сыртқы киіміне де қосымша баға берілді.
Ұлттық рухты, салт-дәстүрді дәріптеген бұл сайыста өңіріміздің шешен де шежірелі батагөй қариялары бақ сынасты.
Нәтижесінде Шардара ауданынан келген Ілесов Қыстау Інайұлы - Бас жүлде иегері атанды. І орын – Сауран ауданы — Әшенов Өтеген Баймолдаұлы, ал ІІ орынды – Кентау қаласынан — Қанай Әбілда Рахматуллаұлы мен Түркістан қаласынан келген Бейсебайұлы Тәліп,ІІІ орынды Жетісай ауданынан қатысқан Талдыбай Асылбеков, Қазығұрт ауданы Сатыбалды Бердияров, Созақ ауданынан Өтепбай Имашовтар ие болды.