КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ
Кентау қаласының прокуроры Н.Ибраймолдаевтің төрағалығымен, қала әкімі Жандос Тасовтың қатысуымен мекемеаралық жиналыс өткізілді. Жиынға қалалық полиция бөлімі, білім бөлімі және білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.
 
Жиын барысында қала прокуроры қадағалау аумағында кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын және олармен жасалатын құқық бұзушылық фактілерінің 2025 жылдың алғашқы үш айында өскенін атап өтті.
 
Мекеме басшыларының осы бағытта атқарған жұмыстары тыңдалып, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша нақты ұсыныстар мен хаттамалық тапсырмалар берілді.
Жиналыс нәтижесінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында бірлескен шаралар жүргізу туралы шешім қабылданды.