Кентау қаласындағы “Жасыл қала” КММ-де автомұнара жүргізушісі қызметін атқаратын Ерсұлтан Төрахмет – ел тіршілігін алға жылжытатын нағыз еңбек адамы.
Таңмен таласа тұрып, ауыр техниканы басқару – кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс.
Ерсұлтан Бағдатұлы – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында кәсібіне деген жауапкершілігімен, шеберлігімен ерекшеленетін білікті маман.
Қауіпсіздік, дәлдік, мұқияттылық – бұл маманның күнделікті серігі. Әр көтерілген жүк – бір биікке жеткен еңбектің белгісі.
“Жұмысшы мамандықтар жылы” – әр қолдың ізі көрінсін, әр еңбек бағалансын!