ЖАНДОС ТАСОВ ЧЕРНОБЫЛЬ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ЖАНДОС ТАСОВ ЧЕРНОБЫЛЬ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Биыл Чернобыльдағы ядролық жойқын жарылыс апатының орын алғанына – 39 жыл. Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Чернобыль апатының ардагерлерімен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы ардагерлерге алғыс айтып, олардың ерлігі мен елге сіңірген еңбектерін жоғары бағалады.
 
«1986 жылы орын алған бұл техногендік апат адамзат тарихындағы ең ірі ядролық апат ретінде есте қалды. Сол қиын-қыстау кезеңде сіздер от пен радиация ортасында жүріп, апаттың зардабын жоюға белсене атсалыстыңыздар. Бүгінгі таңда өз өмірлік жолдарыңызбен ерлік істеріңізбен жас ұрпаққа үлгі болып, оларды патриоттық рухта тәрбиелеуге сүбелі үлес қосуға әрқашанда дайын екендіктеріңізді көрсетіп келесіздер» деп, ерліктеріне алғыс білдірді.
 
Сондай-ақ, ардагерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту және оларға қолдау көрсету мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында Чернобыль ардагері Махсутхан Аккулиев ұрпақ тәрбиесіне қажетті мәселерді атап, білімді ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған бірқатар ұсыныстарын жолдады.
 
Қала әкімі Жандос Тасов ардагерлердің батырлығын кейінгі ұрпаққа үлгі ету қажеттігін және олардың ерлігін ұмытпауымыз керектігін баса айтты.
Кездесу соңында ардагерлер қала әкімінің алғыс хатымен мараптталып, естелік сыйлықтар табысталды.