КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ
Түркістан облысы білім басқармасы “Білім беруді дамыту орталығы” КММ ұйымдастыруымен өткен 17 аудан-қала педагогтері арасында “Robotur V” облыстық робототехника байқауы өтті.
Байқауға Кентау қаласының ұстаздары да қатысып өз тәжірибелері мен біліктіліктерін көрсетіп, мықтылықтарымен тәнті етті.
 
«Robotur V» облыстық байқауында Кентау қаласының атынан қатысқан «Кентау Robotics» командасы “Үздік команда” атанды.
 
Байқаудың негізгі мақсаты – Облыстық роботехника педагогтерінің шығармашылық және кәсіби өсуін ынталандыру, озық тәжірибелерін жинақтау және тарату, өзіне деген сенімділікті,сыни ойлауды, тәжірибеге бағытталған оқыту арқылы жобалау дағдыларын және топтық жұмыс дағдыларын дамыту.
Үздіктер қатарында түрлі бағыттар бойынша озық ойын көрсеткен ұстаздар түрлі номинациялармен мараптталды.
 
Атап айтқанда, Лабиринт бағыты бойынша №22 М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясының ұстазы Сахиба Шарипова 2-орын, Садақ ату бағыты бойынша Кентау оқушылар үйінің ұстазы Гулзира Мусирепова 2-орын, First Lego leagy chalenlge және Robo game бойынша бір топ ұстаздар Фаррух Хамидов, Бекзат Мақсат, Азиза Бектас, Ақниет Елемесова, Мухаммаджан Аманбаев, Шерзод Ташпулатов “Үздік жоба” номинациясын иеленсе, Үздік көрме бойынша Гүлжайна Мырзакерімова, Балхия Жұмабекова арнайы Алғыс хатпен марапатталды.