Кентау қаласы әкімінің орынбасары Нұрбол Көкеновтың төрағалығымен қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиын барысында 2025 жылғы 28-30 сәуір аралығында өтетін кешенді оқу-жаттығуға дайындық жұмыстары жан-жақты талқыланды.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, майор О. Айткуов алдағы кешенді оқу-жаттығуға дайындық барысы жайлы толық ақпарат беріп, оған тартылатын мекемелер мен жауапты тұлғаларды нақтылап өтті.
Сондай-ақ, қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің офицері, аға лейтенант А. Сүйінбай жазғы шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы баяндама жасап, суға шомылу кезінде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу жолдарын атап өтті.
Жиын соңында қала әкімінің орынбасары Н. Көкенов барлық тиісті мекемелерге дайындықты уақытылы аяқтауды, қауіпсіздік шараларын күшейтуді және оқу-жаттығу барысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.