ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, аппарат қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.
 
Жиынның күн тәртібінде екі мәселе қаралып, бірқатар тапсырмалар берілді. Мамыр айында өткізілуі жоспарланған мерекелік іс-шараларға дайындық барысы туралы қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Жақаев баяндады.
Бюджет есебінен жүргізілген нысандарды
 
мемлекеттік тіркеу туралы қалалық қаржы және экономика бөлімінің басшысы И.Азизбаев, ал коммуналдық тұрғын үйлерді пайдалану туралы қалалық ТҮКШ және ТҮ инспекциясы бөлімінің басшысы Т.Искаков мәлімет берді.
 
Жиын барысында қала әкімі Жандос Тасов әр сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын қатаң бақылауға алатынын ескертті.