КЕНТАУДА ОНОМАСТИКА САЛАСЫ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

КЕНТАУДА ОНОМАСТИКА САЛАСЫ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Ономастикалық атауларды қалпына келтіру және оларды реттеуде басты бағыттардың бірі халықтың қоғамдық санасын жаңғырту аясында жергілікті атқарушы органдардың ономастика саласындағы жұмысын үйлестіру және жүйелендіру болып саналады. Бүгін осы мақсатта Кентау қаласында «Ономастикалық жұмыстарды ұйымдастырудағы өзекті мәселелер» тақырыбында облыстық семинар өтті.
 
Шараны облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков және қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова ашып, облыстағы ономастикалық жұмыстардың жүргізілу барысына және осы саладағы өзекті мәселелерге тоқталды.
 
Қазір атау беруде кісі есімдеріне шектеу қойылғандықтан, жұмыс барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің әзірлеуімен «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін басшылыққа алу керектігі айтылды. Сондай-ақ тарихи атауларды жаңғырту мақсатында идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыруға жіті көңіл бөлу қажеттігі түсіндірілді.
 
Семинарда халықаралық туризм және меймандостық университетінің доценті, облыстық ономастика комиссиясының мүшесі Ербол Абдраманов өз баяндамасын ұсынды.
Маңызды жиынға қаладағы тарихшы, зиялы қауым өкілдері, ономастика саласына жауапты аудандық, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері мен Кентау қаласына қарасты ауыл әкімшілігінің мамандары қатысты.
Кентау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, спорт, денешынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шарада ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыру, жүйелі жүргізу бойынша кеңінен талқыланып, пікір алмасумен қорытыланды.