Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен және Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, психологиялық қолдау көрсету және психолог мамандары арасында тәжірибе алмасу мақсатында облыстық деңгейде «Лудомания – қоғам дерті» және «Тәртіп – тұрақтылық кепілі!» атты семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шараға Түркістан облысының 17 аудан-қаласынан келген жастар ресурстық орталықтарының психолог мамандары, сондай-ақ білім беру мекемелері мен орта оқу орындарының психологтары қатысты.
Семинар барысында қатысушыларға ойынқұмарлықтың алдын алу, жастар арасындағы тәртіп мәселелерінің шешу жолдары және олармен күресу әдістері түсіндірілді. Психологтар тәжірибелік тапсырмалар арқылы қатысушыларға заманауи тәсілдер мен тиімді әдістемелерді үйретіп, мәселелерді шешудің жаңа жолдарын ұсынды.
Бұл семинар-тренинг жастардың бойында дұрыс мінез-құлық қалыптастыруға, өзіндік сенімділікті арттыруға және қоғамда белсенді азаматтық ұстанымды нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара болды.