Биыл Кентау қаласында 16 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған. Оның нәтижесінде 670 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде.
Қазіргі таңда өнеркәсіп саласында, жалпы құны 6,8 млрд. теңгеге, 530 жаңа жұмыс орнын құрайтын, 4 жоба ашу жоспарлануда. Оның 2 жобасы арнайы экономикалық аймақта, 2 жоба индустриалды аймақта орналастырылады.
Ауыл шаруашылығы саласында 5000 бас мал бордақылау кешені және мал сою цехы, 5,0 млрд.теңгеге 25 жұмыс орны ашылатын 1 жоба іске асырылатын болады.
Бүгінгі таңда, кіші және орта кәсіпкерлер көп шоғырланған Қарнақ ауылынан 10,0 га Өнеркәсіптік аймаққа жер бөлінді. Бүгінгі таңда, инфрақұрылым жүргізу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, жобаларды іріктеу жұмыстары жүргізілуде.