АЗИЯ ЖӘНЕ ОКЕАНИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА КЕНТАУЛЫҚТАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

АЗИЯ ЖӘНЕ ОКЕАНИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА КЕНТАУЛЫҚТАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ
Жуырда Өзбекстан мемлекеті Ташкент қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер, жастар, жасөспірімдер арасында өткен Азия және Океания Чемпионаты өз мәресіне жетті.
 
Қазақстанның жастар құрамасы өздерінің шеберлігімен, төзімділігімен және жеңіске деген жігерімен ерекшеленді. Солардың арасында өз қарсыластарынан оза шыққан кентаулықтар жүлделі орындарға ие болды.
 
Атап айтқанда, Шохан Уалихан 46 келі салмақ дәрежесінде финалдық кездесуде тәжік қарсыласымен өте тартысты әрі әдіс-айлаларға толы жекпе-жек өткізіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
 
Ал, 72 келі салмақта күрескен Адина Абақова және 98 келі салмақта күрескен кентаулық спортшы Нұрхан Жамалхан бар күштерін салып, ел намысын лайықты қорғап жүлделі ІІ орынға ие болды.
 
Бұл жеңіс — жүйелі еңбектің, бапкерлердің біліктілігінің және жас балуандардың қайсарлығының нәтижесі екені анық. Спортшылардың басты мақсаты - алдағы әлемдік додалардан топ жарып, Туымызды көкке көтеру.