Кентау қаласы әкімінің орынбасары Нұрбол Көкеновтың төрағалығымен Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізуге дайындық жөніндегі комиссия отырысының кезекті жиыны өтті.
Жиынға ауыл әкімдері, қалалық жолаушылар және автомобиль жолдары бөлімі, қалалық ветеринария қызметі, қалалық емхана, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшылары қатысты.
Комиссия отырысында қалалық статистика басқармасы басшысы М.Турабай алдағы атқарылатын ұлттық ауыл шаруашылығы санағы бойынша бірқатар ақпараттар айтып, ұсыныстарын жеткізді.
Қала әкімінің орынбасары Нұрбол Нұралыұлы санақ бойынша ауыл әкімдерімен дербес бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.