КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА КӨШПЕЛІ ФОРМАТТА ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА КӨШПЕЛІ ФОРМАТТА ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Кентау қаласы әкімдігінде көшпелі форматта Департамент жанындағы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.

Жұмыс тобының отырысына бейнеконференцбайланыс арқылы аудан, қалала әкімі аппарат басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық қорғаныс істері жөніндегі білім бастығының және білім бөлімінің басшылары қатысты.

Күн тәртібіне енгізілген мәселелерге сәйкес, қорғаныс және білім саласындағы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша анықталған бұзушылықтар бойынша сыртқы байқау нәтижелері талқыланды.

Сонымен қатар, қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының және қызмет көрсету мәселелері бойынша Кентау қаласы әкімінің аппараты басшысының есептері тыңдалды.

Нәтижесінде, Департамент басшысы, Жұмыс тобының төрағасы А. Наурызбаевпен мемлекеттік қызмет көрсету барысында заң талаптарына сәйкес қызмет нәтижесінің ұсынылуы және тұрақты түрде қайталанатын бұзушылықтарға талдау жасап, тиісті шаралар қабылдау бойынша ұсыныстар берілді.