
Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және оларды қоғамда, соның ішінде мүгедектігі бар жастар арасында насихаттау мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялауы аясында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі А.Ертаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында Вице-министр еліміздегі мүгедектігі бар азаматтарға арналған жалғыз білім ордасы – Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Кентау қаласында орналасқан «Арнаулы кәсіптік колледжі» КММ-нің қызметімен танысты.
Сапар барысында оқу орынның тыныс-тіршілігі, оқу-тәрбие процесі және студенттерге жасалып жатқан әлеуметтік жағдайларымен танысу жайында өзекті мәселелер қаралды.
Вице-министр бұл мәселелерді жіті назарға алатынын және олардың шешу жолдары қарастырылатынын атап өтті.