
Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында Кентау қаласының 70 жылдығына орай «Дәстүрімнің балқаймағы» атты әр шаңырақты берекесіне айналған әжелер байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық құндылығымыздың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы болған әжелеріміздің бойындағы ізгілікті өскелең ұрпаққа жеткізе білу және ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттау болатын.
Байқауға қатысушылар ережеге сай, үш кезең бойынша өнерлерін көрсетті. Мәселен, олар ұмыт бола бастаған дәстүрлерді сахналап, қазылардың сұрақтарына жауап берді. Шеберліктері мен өнері де сараланды. Асыл әжелеріміз өмірден түйгенін ортаға салды. Әжелеріміз ән де айтты,би де биледі. Сайыс өте қызықты, өз деңгейінде өтті.
Байқау нәтижесі бойынша жүлделі І орынды Айзада Сагинбекова әже атанса, ІІ орынды Үрзада Құралбаева әже, ІІІ орынды Орал Абишева әже иеленді. «Дәстүрімнің балқаймағы» атты ақжаулықты әжелер байқауына белсене қатысқан әжелер арнайы номинациялармен, сыйлықтармен марапатталды.