
Бүгін «AMANAT» партиясының Кентау қалалық филиалында қала әкімі Жандос Тасов қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға 15-ке жуық тұрғын қатысты.
Қоғамдық қабылдауда тұрғындар әлеуметтік көмек, тұрғын үй мәселесі және жол, аулаларға ойын алаңшалар салу, тұрғын үй құрылысы және өзгеде толғандырған мәселелерді көтерді.
Жандос Қалмырзаұлы қоғамдық қабылдауға жазылған әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, тиісті басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Осы орайда қабылдауда болған тұрғындардың өтініш-тілектерінің ешбірі ескерусіз қалмайтынын айтып, бәрі заң аясында қаралатынын түсіндірді.