ХАНТАҒЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ХАНТАҒЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов Хантағы ауылының кәсіпкерлері және тұрғындарымен кездесті.
Жиында мемлекеттік“Ауыл аманаты” бағдарламасы, ауыл кәсіпкерлеріне көрсетілетін қолдау мен жаңа мүмкіндіктер туралы баяндады.

Сонымен қатар, “TURKISTAN кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы” КММ Кентау бөлімінің басшысы Халил Маденбай ауыл тұрғындарына мемлекеттен бөлінетін гранттар туралы толық түсіндірді.

Тұрғындар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты ақпарат алды. Сондай-ақ кәсібін дамытушы кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдіктер мен қаржылай қолдау көрсету жолдары талқыланды.

Мұндай кездесулер ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, жергілікті кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік береді.