
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Аппараттық жиында қала және ауылдардағы қоғамдық-саяси ахуалдың жай-күйі, сондай-ақ негізгі экономикалық көрсеткіштердің орындалуы мен бюджет қаржысының игерілуі талқыланды.
Бірінші мәселе бойынша, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бауыржан Жорабеков аймақтағы қоғамдық-саяси тұрақтылықтың деңгейі, тұрғындар тарапынан көтеріліп жүрген мәселелерді баяндады. Қала басшысы жауапты мекемелерге қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты сақтау бойынша тиісті тапсырмалар берді.
Екінші мәселе бойынша, экономикалық көрсеткіштердің орындалу деңгейі, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы және игерілу барысы бойынша қалалық қаржы және экономика бөлім басшысы Илхам Азизбаев мәлімет берді.
Қала әкімі бюджет қаржысының уақытылы әрі мақсатты игерілуін қадағалау қажеттігін атап өтіп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиын барысында қаладағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары да қарастырылды.