
Кентау қаласында “Таза Қазақстан” тазалық шарасы аясында қала және қалаға қарасты ауылдарда санитарлық - тазалық жұмыстары жүргізілді.
Қала көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, қала аумағындағы көшелердің, жол жиектерінің, қоғамдық орындардың, арықтардың күл-қоқыстары тазаланды. Саябақтар мен аллеялардағы орындар әрленіп, субұрқақтарды қалыпқа келтіру жұмыстары атқарылды.
Сондай-ақ, мектептер мен балабақшаларда, яғни барлық әлеуметтік нысандарда сенбілік өткізілді.Тазалық жұмыстарына 400-ге жуық адам, 12 техника жұмылдырылып, 30 тоннадан астам қоқыс шығарылды.