
Бүгін қалалық мәслихаттың кезекті XXVI сессия отырысы өтті.
Сессияға қала әкімі Жандос Тасов, қала әкімінің орынбасарлары, қала әкімдігі аппарат басшысы және жергілікті мәслихат депутаттары мен ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.
Жиынның күн тәртібіндегі 4 мәселе қаралды. Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің атқарылған жұмыстарының есебі, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту, Кентау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 наурыздағы №254 «қалалық жер комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Кентау қаласының шекарасын белгілеу туралы тыңдалды.
Одан бөлек, сессия отырысында өзге де мәселелер қаралып, депутаттық сауалдар жолданды.
Жиын соңында айтылған ұсыныс-пікірлер жергілікті мәслихат депутаттарымен бірге мақұлданды.