КЕНТАУДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ АРҚАСЫНДА ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАЖЕТТІ ЕРЕКШЕ КӘСІП ТҮРІН ДАМЫТЫП КЕЛЕДІ

КЕНТАУДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ АРҚАСЫНДА ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАЖЕТТІ ЕРЕКШЕ КӘСІП ТҮРІН ДАМЫТЫП КЕЛЕДІ

Кентау қаласында мемлекеттік қолдаудың арқасында дәнекерленген тордың бірегей өндірісі дамып келеді. Жеке кәсіпкер Ерғали Тәженов шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы аясында 14 млн теңге несие алған.

Алынған қаржыға заманауи жабдықтар мен шикізат сатып алынған. Бұл өндіріс көлемін айтарлықтай кеңейтуге және бизнестің табыстылығын арттыруға мүмкіндік берген. Цехта тапсырысқа қарай өндірістің 4 түрі өндіріледі. Жылына 100 тоннаға дейін дәнекерленген тор сымдары шығарылады. Тауарға басым көпшілігі Түркістан, Кентау қалаларындағы құрылыс нысандарынан тапсырыс түседі.

«Тәженов Е» өндірісі құрылыс саласының әр саласында кеңінен қолданылатын дәнекерленген торларды шығаратын қаладағы жалғыз цех. Алынған қолдау мен табыстың артуының арқасында кәсіпкер ісін одан әрі кеңейтіп, құрылыс материалдарының қосымша түрлерін шығаруды жолға қоюды жоспарлап отыр.

Аталған кәсіп қаладағы Индустриалды аймаққа жайғастырылған. Онда өз кәсібін жүргіземін деген кез-келген кәсіпкерге мүмкіндіктер мен жеңілдіктер қарастырылған.