ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСШЫЛЫҚ НАЗАРЫНДА

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСШЫЛЫҚ НАЗАРЫНДА

Кентау қаласы Қарнақ ауылында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 300 орынды мәдениет үйінің құрылысы жүруде. Бүгінгі таңда бетондарын құю жұмыстары жүргізілуде.


Қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов құрылыс басына барып, жұмыс барысын бақылады. Ауыл тұрғындарының көптен күткен нысаны болғандықтан сапасы мен жұмыс барысы ұдайы бақылауда болатынын жауаптыларға ескертті.


Қарнақ мәдениет үйі екі қабаттан тұрады. Ішінде
300 адамға арналған көрермен залы, 85 адамға
арналған клуб кешені, әкімшілік-шаруашылық, бөлімдері орналасады. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталып, пайдалануға берілу жоспарланған.


Айта кетейік, ауыл тұрғындар қаншама жылдан бері ауылға мәдениет үйінің қажет екенін көтеріп
келген. Биыл республикалық бюджеттен қаржы
қаралып, өзекті мәселенің шешімі табылған.