
Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Кентау қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Наурыз – тазалықтан басталады» атты тимбилдинг сайысы өтті.
Игі шараның негізгі мақсаты - жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға баулу, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу, салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рухты нығайту және экологиялық белсенділікті дамыту болатын.
Сайысқа қаладағы орта білім ордасының жастары қатысып, табиғат аясын тазалауға атсалысты. Қатысушылар Қаратау қорығынан Хантағы елді мекеніне дейінгі жол бойындағы қоқыстарды жинап, демалыс аймақтарды тазартуға белсенділік танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша шапшап қимылдап, өздеріне белгіленген аймақты күл-қоқыстан тазартқан жеңімпаз командаларға қаржылай сыйлықтар табысталды.
Алдағы уақытта мұндай тазалық шаралары өз жалғасын табады.