КЕНТАУДА ЕРЕКШЕ ӘДІСПЕН НАН ПІСІРЕТІН НАУБАЙХАНА ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

КЕНТАУДА ЕРЕКШЕ ӘДІСПЕН НАН ПІСІРЕТІН НАУБАЙХАНА ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ
Кентау қаласында қаншама жыл қаржы саласында қызмет еткен көпбалалы ана Латипа Алиева ерекше тәсілмен нан өнімдерін пісіруді қолға алған. Ол 2024 жылдың 2-легінде «Нан өнімдері» бизнес жобасын грант комиссиясына ұсынып, мемлекеттен қайтарымсыз грант алу мүмкіндігіне ие болған.
 
Мемлекеттен алған қаржыға үлкен газ пеші мен қамыр илеу құралын сатып алып, бүгінде нан өнімдерін пісіріп сатуда. Соның ішінде денсаулыққа пайдалы, организмге ешқандай зияны жоқ ас атауы-нанды қампая ашытқысынан пісіріп қала тұрғындарына ұсынуда.
 
«Тапсырысқа сай нан көлемі әрқалай болып тұрады. Кемінде 200-300 нанға дейін, кейде тапсырыс көбейіп кетсе оданда асырып пісіруге күш саламыз. Қазіргі таңда қан қысымы мен қант диабеті жоғары адамдар көптеп алады» дейді кәсіпкер ана.
 
Бүгінгі таңда екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Нан өнімдерінен бөлек, кондитерлік өнімдерді де пісіруді қолға алған. Ерекше ашытқымен дайындалатын нан өнімдерін алатын тұрғындар дән риза.