Бүгін қала әкімі Жандос Тасов жұмыс жоспарына сәйкес жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй кезегі, ауыз су, жер және кәсіпкерлікті дамыту сынды мәселелерді көтерді.
Келушілердің ұсыныс-пікірлері мен өтініш-сауалдары жауапты мамандар тарапынан жан-жақты қарастырылды. Әрбір мәселенің себеп-салдары жіті зерттеліп, заң аясында шешілу жолдары түсіндірілді.
Бүгінгі қабылдауда қала әкімі тұрғын үй кезегі мәселесімен келген тұрғындарға, қалада жыл соңына дейін 60 пәтерлі 1 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатқанын, құрылыс аяқталғанда кезектілікке сәйкес баспанамен қамтылатындықтарын жеткізді.
Қабылдауда көтерілген мәселелердің әрбірі заңда белгіленген тәртіппен, кезең-кезеңімен шешіледі. Қала басшысы осыған орай жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар да берді.
Айта кетейік, тұрғындар қала әкімінің қабылдауына е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.