Қала әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиынның күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Алғашқы болып қалалық қорғаныс істері бөлімінің басшысы Нұрлан Дүйсебаев қала және ауылдардағы күзгі әскерге шақырылым бойынша баяндап өтті.
Қалалық экономика және қаржы бөлім басшысы Илхам Азизбаев қала және ауылдардың 2024 жылдың 1 қарашадағы жағдайға бюджеттің орындалуы туралы мәлімет берді.
Қалалық ішкі саясат бөлім басшысы Бауыржан Жорабеков қала бойынша қоғамдық-саяси ахуал туралы баяндады. Кентауда жалпы 48 қоғамдық бірлестік, оның ішінде: қоғамдық қайрымдылық қорлар саны-8, 2 этно мәдени орталық және «Amanat» партиясының филиалы тіркелген.
Ағымдағы жылдың басынан этносаралық татулықты сақтау мақсатында қала әкімдігі, құқық қорғау органдары, этномәдени бірлестіктер, ақсақалдар және қала, ауыл тұрғындарының қатысуымен 23 кездесу іс-шарасы өткізілген. Қазіргі таңда қала бойынша 6517 жағымды жаңалық шыққан болса, 367 сыни материал жарық көрген.
Сондай-ақ тұрғындар арасында жиі көтерілетін коммуналдық сала мен басқа да салаға қатысты мәселелер айтылды.
Әрбір баяндамашыны тыңдаған қала басшысы бірқатар мәселелерге тоқталып, сала басшыларына тапсырма берді. Оның ішінде әскер қатарына бару бойынша түсіндірме жұмысын күшейтуді, әрбір еразамат Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті екенін насихаттауды, жыл соңына дейін бөлінген қаржыларды игеруді, тұрғындармен кері байланысты үздіксіз жүргізуді тапсырды.