Кентау қаласында «Есірткісіз жарқын болашақ» тақырыбында форум өтті. Шараға Кентау қаласының прокуратурасы мен қалалық полиция бөлімінің бірлескен бастамасымен, қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Келелі шараға қала әкімі Жандос Тасов, қала прокуроры Назарбай Ыбраймолдаев, қалалық полиция бөлімінің басшысы Еркеғали Мейрбеков, сондай-ақ әлем чемпионы болған Жазира Жаппарқұл мен исламтанушы, теолог Арман Қуанышбаев және басқа да мемлекеттік мекемелердің басшылары мен бұрын сотты болған азаматтар, қала тұрғындары қатысты.
Форумның ашылуы адам өміріндегі ғасыр дертіне айналған нашақорлықтың азабы мен өз өміріне қараңғылық әкелуі, адасуы, түрлі жағдайларды мысал еткен театрландырылған қойылыммен түрілді. Сонымен қатар есірткі қылмысына қарсы атқарылған жұмыстар жайында бейнеролик көрсетілді.
Алқалы шарада алғыз сөзді алған қала басшысы ғасыр дертіне айналған нашақорлықты жоюға, ұрпақты сақтандыруға ел болып жұмыла жұмыс жасауға шақырды.
«Есірткісіз қоғам құру–әрбір азаматтың алдында тұрған басты міндет деп есептеймін. Қала аумағында есірткі қылмысына қарсы профилактикалық іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіліп отыру қажет. Оған Сіз бен біз болып жұмысты жүйелендіріп, болашақ ұрпақ алдындағы жарқын өмір сүруіне қауіптің алдын алуымыз керек. Аталған мәселемен әр бір ата-ана, әр бір ұстаз, әр бір азамат күресіуі тиіс. Мемлекет басшысы атап өткен дейсинтетикалық есірткінің өндірісі мен таралуына қарсы күрес жалпыұлттық сипат алуы тиіс.Сонда ғана бұл мәселе түбегейлі шешімін табатын болады.
Ендеше, осы форумда айтылған ойлар, ұсыныстар ғасыр дертімен күресте өз септігін тигізеді деген сенімдемін» деді Жандос Қалмырзаұлы.
Жиын барысында спикер ретінде келген елге белгілі азаматтар, сондай-ақ сала мамандары қажетті мағлұматтарды баяндап, профилактикалық сұқбат жүргізіп, өмірлік жолдарында кездескен түрлі ойларымен бөлісті. Халықты салауатты өмір салтын ұстануға, жаманнан жиренуге шақырды. Қоғамдағы өзекті мәселеге айналған нашақорлыққа тосқауыл қою, есірткіге қатысты қылмыстарды болдырмау, алдын алу бойынша пікір ақпараттар айтылды.
Жиын соңында шараға қатысушылар ұйымдастырылған форумның маңыздылығына тоқталып, елдің жарқын болашағы жастарды нашақорлықтан сақтануға, есірткіге қарсы қылмыстарды болдырмауға, алдын алуға аға буынның атқарар жұмысы аса маңызды екені айтылды. Бұл бойынша жұмыстар күшейтіліп, тиісті құрылымдар алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.