КЕНТАУДА ЕРКЕНАЗ БАЛА-БАҚШАСЫНЫҢ ҚОСЫМША ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

КЕНТАУДА ЕРКЕНАЗ БАЛА-БАҚШАСЫНЫҢ ҚОСЫМША ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ
КЕНТАУДА ЕРКЕНАЗ БАЛА-БАҚШАСЫНЫҢ ҚОСЫМША ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ
 
1-Мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күні қарсаңында Кентау қаласындағы «Еркеназ бөбекжай-балабақшасының» қосымша ғимараты пайдалануға берілді.
Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты.
«Бала-бақшаның ұлғайып жатқаны қуантады. Бұл бүлдіршіндер - біздің болашағымыз. Сондықтан тәуелсіздіктің тұтқасын берік ұстап, ел ертеңін ойлайтын саналы, отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеу бағытында жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін» деді.
Бала-бақша құрылтайшысы білім саласына ұзақ жылдар бойы қызмет етіп жатқан Үсенбек Рахмет. Мектепке дейінгі білім мекемесінен бөлек, «Яссы» орта арнаулы колледжінің басшысы.
Жиында қала әкімінің орынбасары бала-бақшаның жаңа қосымша ғимаратының лентасын қиды. Барлық жағдайлармен қамтылған білім нысанымен танысып шықты.
Жалпы, «Еркеназ бөбекжай-балабақшасы» 2018 жылы 100 орынды мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесі болып іске қосылған. Енді қосымша 100 орын қосылып, 200 балаға арналған мекемеге айналды.
Бала-бақша заманауи жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ конференция залы, қысқы спорт залы, логопед , робототехника, құмтерапиясы және М.Монтессори кабинеттерімен жабдықталған.
Жалпы, Кентау қалас ында бала-бақшаның саны артып келеді. Бүгінде 32 бөбекжай-бала-бақшасы балаларға тәрбие беруде қызмет етуде. Бала-бақша қажеттілігімен 1-6 жас аралығында 246 бала кезекте тұр. Кентау қаласындағы бала-бақшалардың саны артуына байланысты кезекте тұрған балалардың көрсеткіші соңғы жылдары едәуір азайған.