КЕНТАУ - ҚАРНАҚ БАҒЫТЫНА АЙНАЛМА ЖОЛ САЛЫНУДА

КЕНТАУ - ҚАРНАҚ БАҒЫТЫНА АЙНАЛМА ЖОЛ САЛЫНУДА

КЕНТАУ - ҚАРНАҚ БАҒЫТЫНА АЙНАЛМА ЖОЛ САЛЫНУДА

​2024 жылдың 21 наурызында толассыз жауған жауын салдарынан Жарбасқан өзеніне таудан келген судың көлемі 60-80 м3/сек ұлғайып, Кентау - Карнақ тас жолы бойындағы Жарбасқан автомобиль көпірінің бөлігін су шайып, қазіргі уақытта қолдануға жарамсыз күйде.

Тоқтаусыз жауған жауын көпірдің Қарнақ ауылы жағындағы бірінші тірек жарты 1,5м дейін отырған. Көпір бетінде жарылулар пайда болған. Ағымдағы жылдың 21 наурыз күні қала әкімдігі тарапынан көпірді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Алайда, су ағысының басымы жоғары болуы салдарынан қойылған бетон және қиыршық тастарды су шайды. Тұрғындардың қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету мақсатында жол жабылып, жол белгілерімен кезекшілік ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңға уақытша айналма жол салу жұмыстары ұйымдастырылуда. Аталған айналма жолды толық аяқтау 26 наурызға жоспарлануда.