КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ҚҰС ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА

КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ҚҰС ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА

КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ҚҰС ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА

Кентау қаласы құс шаруашылығын дамыту бағыты бойынша 284 пайызға, балық шаруашылығын дамыту бағытын 132 пайызға орындап, алдынғы орынды иеленді.
Ауыл шаруашылығы саласында 2023 жылы 13,3 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Егін шаруашылығында 7,8 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, 2,5 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. 3 агроқұрылымда қосымша 80 гектарға тамшылатып суғару әдісі ендіріліп, тапсырма 100%-ға орындалған. Ауыл шаруашылығы өнімінің 5,4 млрд.теңгесі мал шаруашылығында өндірілген.
ҚР Президенті ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты - ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
Кентау қаласынан бұл жобаға Қарнақ, Хантағы ауылдары енді. 2023 жылы «Ырыс» МҚҰ-дан 92 жоба қаржыландырылды. Бағдарлама аясында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 5 жоба ұсынылып, 26,6 млн.теңгеге толық қаржыландырылды.
Ауыл аманаты бағдарламасы бойынша 2024 жылға 477 млн теңгеге 97 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 194 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.