КЕНТАУДА ҚЫЗЫЛША ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболованың төрағалығымен қызылша инфекциясының алдын алу мақсатында штаб отырысы өтті.
Қызылша аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған жиынға Кентау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы, қалалық емхананың бас дәрігері мен қалалық орталық аурухана, “Медцентр” ЖШС, “Өркен “ ЖШС , “Бақ-Ару” ЖШС, “Ақ- Зере” ЖШС басшылары және қалаға қарасты Ащысай, Хантағы, Байылдыр, Қарнақ ауыл әкімдері қатысты.
Басқарма басшысы Кентау қаласындағы қызылша аурушаңдығының эпидемиологиялық жағдайын баяндады.
Кентау қаласының аумағында қызылшаға қарсы эпидемиялық және санитариялық-профилактикалық іс шараларды жүргізу жұмыстары бойынша өткізілген жиында жұмыс барысындағы ұсыныс пікірлер талқыланды.