КЕНТАУДА САБАНТОЙ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

КЕНТАУДА САБАНТОЙ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

КЕНТАУДА САБАНТОЙ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Кентау қаласы татар этномәдени орталығының ұйымдастыруымен Ынтымақ алаңында Сабантой мейрамы тойланды.

Сабантой татар тіліндегі ұғымда «жер өңдеу тойы» деген мағынаны білдіреді. Мерейлі мейрамның тарихы тым тереңде. Қала әкімінің орынбасары А.Байболова мен қалалық маслихат төрағасы Қ.Елеусізов мерекеге арналған көрмелерді тамашалап, қала тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтады.

«Біз мемлекеттің тұтастығын сақтау үшін қашанда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір-бірімізге қолдау білдіріп, бірге қуануымыз керек. Себебі, бәріміздің бір ғана Отанымыз бар – ол тәуелсіз Қазақстан. Сол үшін бүгінгі сабантойда өніміміз мол болып, дастархандарыңыз дәмге, көңілдеріңіз шаттық пен байлыққа тола берсін демекпін» деді Ақнұр Нұралықызы.

Сабантой – көнеден келе жатқан еңбек пен достық мейрамы. Дәстүр бойынша татар халқы бұл мерекені жиын-терім көп болсын деген ырыммен тойлаған. Қазір ол уақыт ағымына қарай өзгеріске ұшырап, заманауи реңкке ие болып, ЮНЕСКО-ның мәдени мұра жауһарлары тізіміне енген деседі.

Мейрам аясында тұрғындарға татар этносының ұлттық тағамы «чак-чактың» түр-түрі ұсынылды. Ән-жыр айтылып, би биленді. Ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Татарстан елінің жарық жұлдыздары Алсу Валиуллина, Айдар Габдинов қала тұрғындарына ән-шашуын тарту етті.