КЕНТАУДА ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНДЕ БАТЫР БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ

КЕНТАУДА ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНДЕ БАТЫР БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ

КЕНТАУДА ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНДЕ БАТЫР БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ

Кентау қаласы С.Қожанов саябағындағы «Азалы ана» ескерткішінде Отан үшін отқа түскен ардагерлерді еске алуға арналған шара өтті.

Жиында алғы сөзді алған қала әкімі Жандос Тасов - бүгінде батыр ардагерлеріміздің қатары күн санап сирей түскенімен, оларға деген құрмет арта беретінін атап өтті.
«Сіздердің ерлік істеріңізге мәңгі тағзым ретінде, Жеңіс күніне жете алмай, Отан үшін от кешіп жүріп, ұрыс даласында мерт болған және одан кейінгі бейбіт жылдарда да соғыс жарақатынан көз жұмған ардагерлеріміздің рухын мәңгілік ұлықтау біздің перзенттік парызымыз» деді.

Еске алу шарасына қала халқы, зиялы қауым өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері, Ауған соғысы ардагерлері, мекеме қызметкерлері мен қала жастар қатысты.

Жиын барысында соғыс ардагері Бадан Төребайға ҚР Қоғаныс министрінің алғыс хаты табысталды.
9 мамыр күні Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған ҰОС ардагерлері мен жерлес жауынгерлер ескерткішінің басындағы митингіде қаланың құрметті азаматы, ардагер И.Жұмабайұлы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Түнтеков, қалалық маслихат хатшысы Қ.Елеусізов мерекелік құттықтауларын арнады.

Бүгінгі таңда, Кентау қаласында 1 соғыс ардагері, 396 тыл еңбеккерлері мен 19 ардагердің жұбайлары бар. Шара соңында бақилық болған батыр жауынгерлердің рухына тағзым көрсетіліп, есімдері жазылған ескерткіш алдына гүл қою рәсімі өтті.