КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Қарнақ ауылына арнайы барып, тұрғындармен кездесуде көтерілген мәселенің орындалуын қарады. Ауылға қарасты Ақын-тума елді-мекенінде инфрақұрылым жүргізілмеген жерге үй салған тұрғындар жарық сұрап арызданған.
Бүгінгі таңда, аталған аймаққа жарық бағаналары орналастырылып, жарық қосылды. Ауыл тұрғындары қала басшысына өз разылықтарын жеткізді.

Келесі аймақ көрші Шекербұлақ ауылына шығар жолдағы жерге қатысты мәселені қарап шықты. Тиісті сала басшысына ретке келтіру бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Биылғы қыста жауған қардың мөлшерінің көптігінен өзен сулары көбеюі мүмкін. Қала басшысы көктемгі су тасқынның алдын алу бойынша Қарнақ ауылындағы Ырмақ өзеніне барды. Ауыл әкіміне қәзірден дайындық шараларын жоспарлау бойынша тапсырмалар берді.

✔️Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі