ҚАЛА ӘКІМІ ЖАНДОС ТАСОВ ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНДА БОЛДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАНДОС ТАСОВ ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНДА БОЛДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАНДОС ТАСОВ ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНДА БОЛДЫ

Қала әкімі Жандос Тасов жұмыс барысымен Хантағы ауылына барды. Алдымен ауылдағы «Оқушылар үйінің» құрылысын бақылады. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталған. Ауыл тұрғындары көтеріп жүрген мәселелері автомобиль көпірлерді кеңейту және екі қабатты тұрғын үйлерді модернизациядан өткізу жайы болатын.

Хантағы ауылындағы 9 екіқабатты тұрғын үйлердің барлығы дерлік кондоминумға өткен. Енді ауылт тұрғындары қалада көпқабатты үйлерге жүргізілген құрылыс жұмыстары ауылға да жүргізілсе деген өтініштері бар.

Ауылда жалпы, көлік жүретін 8 көпірдің 5-уі, жаяу жүргіншілерге арналған 11 көпірдің 5-уі жөндеуді қажет етеді. Ауылдағы көпірлерді бақылаған қала басшысы ауыл әкіміне көпірлерді реттеу бойынша және үйлерге жүргізу қажет құрылыс жұмыстары жайында жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуді тапсырды.

Ауылға жасаған жұмыс сапары барысында қала басшысы қабылдауына кәсіпкерлік бағытта жер сұрап келген Ратмир Әшірбаевтың шағын темір цехымен танысты. Өміршең жобасы бар кәсіпкерге барынша қолдау көрсетуге сала басшыларына тапсырма берді.

✔️Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі