КЕНТАУДА ЕРЕКШЕ КӘСІП ИЕСІ БАР

КЕНТАУДА ЕРЕКШЕ КӘСІП ИЕСІ БАР

КЕНТАУДА ЕРЕКШЕ КӘСІП ИЕСІ БАР

Кентау қаласында ерекше кәсіп иесі тұрады. Ол - Жаңабек Фариза Мықтыбекқызы. Мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, бүгінгі таңда сағат, кескіндеме бұйымдарын шығаруды. Ерекше бұйымдарды эпоксидті шайыр өнімін қолдану арқылы жасайды.

Фариза Мықтыбекқызы бұл кәсіп түрін Дана Тұрарбектің курстарына қатысып, «ResinArt» техникасымен жұмыс жасауды игеріп шыққан. Бүгін де кәсіпкер шеберхананы жалға алып, кәсібін дөңгелетіп отыр.

Кәсіп бастағанына көп болмаса да, өнімдеріне жергілікті тұрғындар тарапынан тапсырыстар аз емес. Эпоксидті шайыр өнімінің кебуіне байланысты, аптасына екі, үш тапсырыс қабылдауда. Аталмыш кәсіп түрімен айнылысатын шеберлер қазіргі таңда қаламызда саны артып келеді.

« Бұл кәсіп түрін таңдағаным ерекше болғандықтан және енді дамып жатқандықтан сұраныс көбірек. Бүл іс көпшілікке қызық, сол үшін үйренуге ниетті жандар көп. Бірақ бұл іс оңай көрінгенімен үлкен еңбекті талап етеді» - дейді жас кәсіпкер.
#Кентау2023

✔Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі