«Қарапайым заттар экономикасы» (Басымдық берілген жобаларды несиелеу механизмі) бағдарламасы аясындағы 6%-дық жеңіл несие – халық күнделікті тұтынатын тауарлар өндіру мен қызмет көрсету бағытындағы кәсіпкерге берілген мол мүмкіндік, зор көмек.

Бұл бағдарлама аясында несиенің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялап, қарыз жүгін азайту және банк талап еткен кепілзат жеткіліксіз болғанда – кепілдік беру қарастырылған.

Енді осы екі құралға жеке-жеке тоқталсақ:

СУБСИДИЯ. Бұл құралдың арқасында 15 пайыздық несиені 6 пайызға түсіре аласыз.

Бағдарлама бойынша субсидиялау шарттары:

Максимал сома: шектеу жоқ

  • Мөлшерлемесі - 6% (15%-дық сыйақы мөлшерлемесінің 9%-ын субсидиялаудың нәтижесінде)

Несие мерзімі:

айналым қаражатын толықтыруға – 3 жылға дейін

инвестицияға - 10 жылға дейін

КЕПІЛДІК. Банк талап еткен кепілзат сізде жеткіліксіз болса – Қор несие сомасының 50 пайызына дейін кепіл болады.

Кепілдік беру шарттары:

Максимал сома: 5 млрд теңгеге дейін.

Кепілдік мөлшері:

3 млрд теңгеге дейінгі несие сомасының 50%,

5 млрд теңгеге дейінгі несие сомасының 30%.

Кепілдік мерзімі: несие мерзімінен аспайды

Осы бағдарлама туралы және басқа мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары туралы толық ақпаратты damu.kz веб-сайтынан және Шымкент  қ. Қонаев даң.,95/1. Тел. +7 (7252) 99-70-49 алуға болады.

«Даму» Қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз!