ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

 

ХАБАРЛАНДЫРУ!

 

 

Құрметті қала тұрғындары және көп-қабатты тұрғын үйдің 1-ші қабатында орналасқан пәтер иелері! - Кентау қаласы әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында, пәтерден кәсіп ашып (пәтерге қосымша құрылыс жұмыстарын жүргізумен), кәсіпкерлікпен айналысуға шақырамыз. Алдағы уақытта кәсіпкерлікпен айналысу жолдарын әрі қарай дамыту үшін, төмендегідей іс-әрекеттерді жасау қажеттігін хабарлаймыз:

Рәсімделетін құжаттар

Қызметтер

Жауапты мекеме

Орындалу мерзімі

Қажетті қаражат

Қосымша мәліметтер

1

Пәтер иесі тиісті пәтердің заңды құқығын растайтын құжаттың көшірмелерімен бірге көпқабатты тұрғын үйдің кондоминиум келісім актісімен қоса қала әкімінің атына өтініш толтырып, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш тастау

 

 

1 күн

-

 

2

Жауапты орындаушысы өз құзіреті шегінде өтініш келіп түскен күннен бастап жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және оны барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі тиісті қызметтерге бір мезгілде келісуге жолдайды

 

Кентау қалалық құрылыс және сәулет бөлімі

 

 

1 күн

 

 

-

 

3

Келісуші органдар жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар береді

- «Ащысай Су» МКК

- «Кентау Сервис» МКК

- «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС

- «Қазақтелеком» АҚ

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы

- Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі

 

 

 

 

 

 

3 күн

 

 

 

 

 

 

-

 

4

Жауапты орындаушысы өз құзіреті шегінде қорытындылар келіп түскен күннен бастап жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды

Кентау қалалық құрылыс және сәулет бөлімі

 

1 күн

 

-

 

5

Жауапты қызметкер материалдарды жер комиссиясының қарауына дайындайды.

Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі

 

 

5 күн

-

 

6

Жер комиссиясының қорытындысы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс жер комиссиясында хаттамалық шешім нысанында екі дана жасалады.

Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі

-

 

7

Жауапты орындаушысы өз құзіреті шегінде жер комиссиясының тиісті қорытындысы көрсетілген қызметті берушінің тиісті шешімін әзірлейді.

Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі

 

 

1 күн

 

 

-

 

8

Қала әкімі шешім (өкім) қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілген қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі

Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі

-

 

9

Көрсетілген қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешімі жер комиссиясының тиісті қорытындысы қабылданады

Кентау қалалық құрылыс және сәулет бөлімі

 

2 күн

-

 

10

Жерге орналастыру жобасымен Мемлекеттік АКТ-ісі әзірленеді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы

 

 

 

10 күн

 

 

 

57 000тг.

 

11

Сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленеді (техникалық шарттарымен қоса)

Кентау қалалық құрылыс және сәулет бөлімі, инженерлік және коммуналдық мекемелер

 

5 күн

 

-

 

12

Жұмыс жоспары әзірленіп, сараптама қорытындысы шығады

Арнайы лицензиясы бар мекеме

40 күн

Келісім бойынша

 

13

Құрылысын жүргізуге хабарлама алынады.

Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

 

3 күн

 

-

 

Қорытынды:

 

72 күн

57 000тг