МӘМС мәртебесін алу үшін ШОБ қарамағындағы қызметкерлердің тізімін жаңартып отыруы тиіс

МӘМС мәртебесін алу үшін ШОБ қарамағындағы қызметкерлердің тізімін жаңартып отыруы тиіс

МӘМС мәртебесін алу үшін ШОБ қарамағындағы қызметкерлердің тізімін жаңартып отыруы тиіс

      Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылдың 1 қазанына дейін МӘМС жарна мен аударым  төлеуден босатылған шағын және орта бизнес субъектілеріне  қызметкерлер сақтандырылған мәртебесін сақтап қалу  үшін әр айдың 25-не дейін жұмысшылар  туралы мәліметті жаңарту  қажеттігін еске салады.

     «Жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін жауапкершілікті сезінуі  маңызды. Сондықтан  кәсіпорындардағы  қызметкерлер сақтандырылып, МӘМС жүйесінде барлық қажетті медициналық көмек алуы үшін тізімдерді үнемі жаңартып отыруды сұраймыз. Біз кәсіпкерлермен, оның ішінде «Атамекен» ҰКП, Мемлекеттік кіріс комитеті және олардың аймақтардағы ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз», – деді Қордағылар.

      2020 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылған кәсіпорындардағы жұмыскерлерінің тағы 61%  бойынша ақпарат өзектендірілмеген күйінде қалып отыр. Егер деректерді жұмыс беруші енгізбесе, қыркүйекте ШОБ қызметкерлерінің бір бөлігі жүйеде сақтандырылмаған болуы мүмкін деген қауіп бар.

     «Сараптама  көрсеткендей, өз қызметкерлеріне қамқорлықпен қарап, уақытылы ақпарат берген ең белсенді бизнес субъектілері Алматы облысында, мұнда ШОБ  67%  мәліметті жаңартты, Қостанай облысында - 54% және Ақмола облысында - 50%  астам», - деді ӘМСҚ-да.

 Естеріңізге сала кетейік, алгоритмге сәйкес жұмыс беруші әр айдың 25-не дейін мына сілтемеге   https://msb.fms.kz/login өтіп, БСН бойынша тізімнен өз ұйымын тауып, заңды тұлғаның немесе ЖК ЭЦҚ көмегімен Қордың ақпараттық жүйесіне тіркеліп, пайдаланушы келісіміне қол қою ерек. Бұдан әрі МӘМС төлеуден босатылған қызметкерлердің ЖСН қосу (Excel-де бір файлмен немесе әр қызметкерге жолма-жол). Кейіннен деректерді қайта енгізудің қажеті жоқ, оларды жаңарту керек болады. Ақпарат ай сайын мемлекеттік кірістер комитетіне беріледі.

Егер  кәсіпорын қызметкері өзінің сақтандырылмағанын байқаса, онда ол деректерді qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы дербес жібере алады. Электрондық мекен-жайын, тегін, ЖСН, телефон нөмірін көрсете отырып, ШОБ субъектісінің атауын, жұмыс берушінің БСН / ЖСН көрсете отырып, өтінішті ресімдеу және еңбек шартын немесе тағайындау туралы бұйрықты бекіту қажет. Сәйкестікті растау кезінде қызметкерге бір айға уақытша мәртебе беріледі. Алайда, қызметкер жұмыс берушіге ол туралы ақпаратты ақпараттық жүйеге енгізу қажеттілігі туралы еске салуы керек.

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРГЕ ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ  САҚТАНДЫРУ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ

Соңғы 3 айда жарналар төлемеген жағдайда МӘМС пакетіндегі медициналық көмек шектеледі, ал тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі елдің барлық тұрғындары үшін қол жетімді болады

 

КІМ ЖӘНЕ ҚАНША ТӨЛЕЙДІ?

  • Қызметкердің жалақы көлемінің 2 % -ын жұмыс беруші төлейді;
  • Қызметкердің жалақысынан 1%  ұсталады.

ҚАНДАЙ ТҮРДЕ ТӨЛЕУ КЕРЕК?

Жарналарды қолма-қол ақшамен де, екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінің кассалары арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ банктік шотына  аударыммен де төлеуге болады.

 

Төлемдер мен жарналарды аудару үшін реквизиттер

KZ92009MEDS368609103

БСН 160440007161

БСК GCVPKZ2A

ҚЫЗМЕТКЕР ҮШІН Төлем мақсатының коды - 121

ЖК және АҚШ ЖТ ҮШІН Төлем мақсатының коды – 122

 

 

ЖАРНА ТӨЛЕУДІҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

Жұмыс беруші ай сайын, 15-ші күннен кешіктірмей, қызметкерлерге есептелген және ұсталған қаражат туралы ақпарат беруге міндетті.

 

МӘМС бойынша берешек үшін жеке кәсіпкер мен жұмыс берушілерге төлемнің күнін қосқандағы әрбір кешіктірілген күн үшін 1,25% көлемінде айыппұл салынады.

 

Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  Кодексінің 92-1-бабына сәйкес жұмыс берушінің МӘМС үшін аударымдар бойынша міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы төлемді уақтылы немесе толық төлемегендік ретінде ескертуге әкеп соғады.

 

Сұрау бойынша қор сақтандырылған немесе сақтандырылмаған қызметкерлердің жағдайы туралы және сұралған кезеңге енгізілген қаражат мөлшері туралы ақпарат бере алады.

 

Әкімшілік жаза берілген кейін  жыл ішінде қайта бұзылған жағдайда  шағын бизнеске немесе коммерциялық емес ұйымдарға төленбеген, уақтылы және толық төленбеген аударымдар сомасының 20% мөлшерінде, орта кәсіпорындарға  30% мөлшерінде, ірі кәсіпорындарға 50% мөлшерінде айыппұл салынады.

 

 

 

 

1406 номері бойынша  сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығынан, сонымен қатар www.fms.kz сайтынан міндетті сақтандыру туралы көбірек біле аласыз.

МӘМС: бизнестің үздік ТОП-7 сұрағы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті төлемдер бойынша кімге кейінге қалдырылды және неге кәсіпорын қызметкерлері МӘМС-те медициналық қызмет көрсетуден бас тартуда-бизнестің ең өзекті мәселелеріне жауап береміз.

МӘМС үшін төлемдерді  1 қазанға дейін кім төлемейді және кімдер үшін жеңілдік кезеңі 1 шілдеде аяқталды?

1 сәуірден 1 шілдеге дейін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды төлеуден мынадай қызмет түрлері бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері босатылды:

 

- автомобильдерді, жеңіл автокөлік құралдарын, мысалы, мотоциклдерді, автомобиль бөлшектерін, тораптарды және керек-жарақтарды бөлшек саудада сату;

- дәріханаларды, тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын сатуды қоспағанда, ірі сауда желілеріндегі, стационарлық сауда объектілеріндегі, сауда объектілері болып табылатын мамандандырылмаған дүкендердегі бөлшек сауда;

-  жол бойындағы жолақта орналасқан техникалық қызмет көрсету станциялары жүргізгендерді қоспағанда, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

- әуе жолаушылар көлігі;

- қонақүйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі;

- деятельность ресторанов и предоставление услуг по доставке продуктов питания;

- жеке немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару, сонымен қатар коммерциялық үй-жайларды жалға беру.

 

1 сәуірден 1 қазанға дейін МӘМС жарналарын төлеуден босату әрекет етеді және ШОБ субъектілері үшін 29 қызмет түрі бойынша қызметкерлердің сақтандырылуы сақталады:

  • заң кеңесшілері, нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар;
  •  коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша кеңесшілер;
  • туристік агенттіктер мен туроператорлар;
  • санитарлық-эпидемиологиялық, ауруханалық және санаторлық-курорттық ұйымдар;
  • жеке меншік мектепке дейінгі, бастауыш және орта оқу орындары;
  • жеке дәрігерлік практика, стоматология;
  • концерт және театр залдары;
  • фитнес-клубтар;
  • тоқыма және үлбір бұйымдарын жуу және химиялық тазалау;
  • парикмахерские и салоны красоты.

Жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін (1 қаңтардан 1 шілдеге дейін) бизнес өткен 6 ай үшін өз қызметкерлері үшін аударымдар төлеуі керек пе?

Иә. Жеңілдікті кезең-бұл төлемдерді кейінге қалдыру, оларды төлеу бойынша міндеттемелерді жоймайды. Осылайша, «МӘМС туралы» Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес, қорға аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген тұлғалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын алу үшін Қорға төленбеген кезең үшін, бірақ төлеу күнінің алдындағы он екі айдан аспайтын мерзімде жарналарды төлеуге міндетті. Сондықтан жұмыс берушілер өткен 6 ай үшін олардың қызметкерлері МӘМС пакетін пайдалану мүмкіндігіне ие болуы үшін ақы төлеуі қажет.

Қызметкерлерге аударымдардың мөлшері қандай?

Жұмыс беруші қызметкер үшін қызметкердің табысынан 2% мөлшерінде аударымдар төлейді, сондай-ақ қызметкердің есептелген жалақысынан 1% ұстап қалады.

Жұмыс берушіге қызметкерлер үшін аударымдарды уақтылы төлемегені немесе толық төлемегені үшін өсімпұлдар немесе айыппұлдар есептеле ме?

Иә. Өз қызметкерлері үшін жарна аударатын жұмыс берушілер үшін МӘМС бойынша берешек үшін төлем күнін қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін берешек сомасының 1,25% мөлшерінде өсімпұл көзделген. Егер жұмыс беруші қызметкерге ақы төлемесе немесе оны уақтылы жасамаса, қызметкер МӘМС пакетінен медициналық көмек ала алмаса, оның мәртебесі автоматты түрде «сақтандырылмаған» күйіне өзгереді.

Жұмыс беруші Қазақстанның резиденттері болып табылмайтын қызметкерлер үшін Қорға ӘМС аудару керек пе?

Иә. Егер қызметкер Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің (Армения, Беларусь, Қырғызстан, РФ) азаматы болса, жұмыс беруші Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың және «МӘМС туралы» Заңның талаптарына сәйкес ай сайын қызметкерге аударымдар жүргізуге міндетті.  

Жұмыс беруші жарналарды ЖК ретінде дербес аударатын қызметкер немесе АҚС шарты бойынша қызметкер үшін аударымдар жүргізуі тиіс пе?

Иә. Жұмыс беруші қызметкердің қосымша әлеуметтік мәртебесінің болуына қарамастан, өз міндеттемелеріне сәйкес аударымдар жүргізеді. Бұл ретте қызметкер өзі үшін ЖК ретінде 1,4 ЕТЖ-нің 5% - ы немесе 2 975 теңге мөлшерінде, не шарт бойынша алынатын табыстың 1% - ы мөлшерінде АҚС-ның шартшысы ретінде жарналарды аударады. Бұл ретте барлық көздерден алынатын салық салынатын жиынтық табыс 10 ЕТЖ-ден немесе 425 мың теңгеден аспауы тиіс.

1 қазанға дейін қызметкерлер үшін аударымдар төлеуден босатылған кәсіпорындардың қызметкерлері МӘМС-тен медициналық көмек ала ала ма?

Ия, мүмкін. 1 қазанға дейін пандемияға байланысты шектеу шараларын енгізуден барынша зардап шеккен экономика секторларында қызметін жүзеге асыратын ШОБ субъектілерінің қызметкерлеріне әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына берілген тізімдерге сәйкес «сақтандырылған» мәртебесі беріледі.  

Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз да, сіз мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек пакетінде медициналық көмекке құқығыңыз бар екенін есте ұстаған жөн. Учаскелік дәрігер, педиатр, жалпы практика дәрігері мамандарының қабылдауы, дәрігерді үйге шақыру, жедел жәрдем, емхана мен стационар деңгейіндегі шұғыл көмек, әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы ауруларды, онкологиялық ауруларды емдеу осы пакетке кіреді және сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығына көрсетіледі.