Қай қалалардың ХҚО-лары тек бронмен қабылдайды?

Қай қалалардың ХҚО-лары тек бронмен қабылдайды?

Қай қалалардың ХҚО-лары тек бронмен қабылдайды Індеттің өршуіне байланысты кейбір аймақтардағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті алдын ала брондап, белгіленген уақытта ғана бару қажет. Әзірше бұл талап Нұр-Сұлтан, Атырау, Қостанай, Рудный, Тобыл, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Сәтбаев, Шахтинск, Балқаш, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Өскемен, Семей қалаларына және Алматы облысының Көксу, Ескелді аудандарына қатысты. Бірақ аймақтардағы бас санитар дәрігерлердің шешімімен бұл тізім толығуы мүмкін. Сондықтан ХҚО-ға бару керек болса, кезекті әп-сәтте онлайн белгілеуге болады. Қалай? Egov.kz порталы арқылы: - еgov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіңіз - басты беттегі «Кезекті ХҚО-ға онлайн брондау» сілтемесіне кіріңіз - ашылған бетте ЖСН нөміріңізді, ауданыңызды толтырыңыз - қажетті ХҚО мекенжайы мен қызмет түрін таңдаңыз - әрі қарай орталыққа бару күні мен уақытын көрсетіңіз Брондау сәтті өтсе, сіздің телефоныңызға тиісті хабарлама келеді! Ескерту: ХҚО-ға 10-15 минутқа ерте барып, маска тағып, 1,5-2 метр арақашықтықты сақтауды ұмытпаңыз.